Қорқынышты фотосессия: Анджелина Джоли батыл қадамға барды (видео)

Қорқынышты фотосессия: Анджелина Джоли батыл қадамға барды (видео)

Қорқынышты фотосессия: Анджелина Джоли батыл қадамға барды (видео)
ашық дереккөзі
Голливуд актрисасы Анджелина Джоли ара үйірімен фотосессия жасады, бұл әрекеті арқылы олардың жойылу қаупіне бей-жай қарамауға үндеді, - деп хабарлайды Daily Mail. Актриса National Geographic журналында денесіне ара үйірін қондырып, суретке түсті. Түсірілім Дүниежүзілік аралар күніне орайластырылған. Анджелина бұл әрекетімен аралардың жойылу қаупіне назар аудартпақ болған, өйткені БҰҰ-ның мәліметінше, бүкіл дүние жүзінде аралардың жойылып кету қаупі бар. https://www.youtube.com/watch?v=MMM2Y5eui5o&ab_channel=JB.EDITING Суретті фотограф Дэн Уинтерс түсірген. Фотосессияны ұйымдастырушылар барынша сақтық шараларын жасағандықтан актрисаға зақым келмегенін айтады.