Семей әскери госпиталінің бастығы ұсталды

Семей әскери госпиталінің бастығы Дулат Құрметов ұсталды.

«2021 жылдың 29 мамырында құқық қорғау органдары Семей қаласындағы әскери госпиталдің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметовті ұстады. Басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Back to top button