Қорғаныс министрлігінің қаруландыруға жауапты лауазымды қызметкері ұсталды

ҚР Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдинов ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрлігі бұл мәліметті растады.

«2021 жылдың 28 мамырында құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдиновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды», – деп жазылған Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растаған мәліметте.

Back to top button