Мамырдан бастап Кипр вакцина алған туристерге есігін айқара ашпақ

28 сәуір, 2021 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Мамырдан бастап Кипр вакцина алған туристерге есігін айқара ашпақ Кипр 10 мамырдан бастап COVID-19-ға қарсы кез келген вакцина алған (оның ішінде  Спутник V вакцинасы да бар) туристерге шекарасын ашпақ. Тек туристің вакцина алғаны туралы куәліктің ағылшын тіліндегі көшірмесі ғана қажет. Ал қазіргі таңда Кипрге бару үшін ұшуға 72 сағат бұрын берілген ПТР-тесттің теріс нәтижесімен қоса турист аталған елге келген соң өз қаржысына ПТР-тест тапсыруы қажет.