Алматыда вакцинация паспорты сатылып жатқаны рас па?

Алматыда вакцинациядан өткені туралы электрондық паспорт сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

«Мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екендігін және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ресми түрде хабарлаймыз. Осы факт жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта вакцинациядан өту туралы электронды паспорт беру фактісі расталмады», – деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйымдар, ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасын тексеру басталды.

«Тергеу нәтижесі бұл ақпаратты растаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі», – деп атап өтті басқармадағылар.

Back to top button