Сот күйеуін атқан әйелді ақтады

28 сәуір, 2021 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Сот күйеуін атқан әйелді ақтады Түрік соты қоғамда резонанс тудырған Мелек Ипекті босатты. Биыл қаңтар айында 30 жастағы Мелекті күйеуі бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, екі қызын өлтірем деп қорқытқан. Осыдан соң әйел күйеуін аңшы мылтығымен атып тастаған болатын. Балалары мен әйелдің көп жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып келгені анықталған соң Анталья соты бұл істе қылмыс құрамы жоқ, әйел өзін-өзі қорғады деп шешім шығарды. «Қандай жағдайларды бастан кешкенімді сөзбен айту мүмкін емес. Мен ешқашан күйеуімді өлтіремін деп ойлаған жоқпын. Мені қолдап, жанымнан табылғандарға алғысым шексіз», – деді Мелек Ипек. Өз кезегінде прокуратура әйелге алты жыл түрмеде отыру жазасын сұраған болатын. НПО We Will Stop Femicide мәліметтері бойынша өткен жылдың өзіне 300 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған.