Әлемде әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған – ДДСҰ

Әлемде әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған – ДДСҰ

Әлемде әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған –  ДДСҰ
ашық дереккөзі
Әлемдегі әйелдердің үштен бірі ер адамдар тарапынан физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық көрген. Бұл көрсеткіштің өсуіне пандемияның ықпалы зор, деп хабарлайды Укринформ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) есебіне сілтеме жасап.  БҰҰ үкіметтерді зорлық-зомбылықтың алдын алуға, зардап шеккендерге қызмет көрсетуді жақсартуға және экономикалық теңсіздіктермен күресуге шақырды, әйелдер мен қыздарды көбіне осы факторлардың салдарынан қатал қарым-қатынастың құрбанына айналып жатады. ДДСҰ өкілдерінің пікірінше, мектепте ұлдарға қарым-қатынаста өзара құрмет қажеттілігін үйреткен жөн. "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әр елде және мәдениетте эндемиялық құбылыс болып табылады, миллиондаған әйел мен олардың отбасыларына зиян келтіреді. СOVID-19 пандемиясы бұл құбылысты күшейтті", - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус. Ұйымның зерттеуінде 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдердің шамамен 31 пайызы немесе әлем бойынша 852 миллион жуық дейін әйел физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған. Негізгі зәбір көрсетушілер - олардың күйеулері немесе жыныстық серіктестері. Мамандар зардап шеккендердің көпшілігі кедей елдердің тұрғындары екенін атап өтті. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әйелдерге  зорлық-зомбылық жиі көрсетілетін елдер қатарына Кирибати, Фиджи, Папуа-Жаңа Гвинея, Бангладеш, Конго Демократиялық Республикасы және Ауғанстан жатады. Есеп авторы Клаудиа Гарсия-Мореноның айтуынша, 15-19 жас аралығындағы әрбір төртінші жасөспірім қыз физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. "Бұл - өмірдегі өте маңызды және қалыптастырушы кезең. Зорлық-зомбылықтың салдары ұзақ мерзімді болуы мүмкін және қыздардың физикалық, психикалық денсаулығына әсер ететінін, қажетсіз жүктілік пен басқа да асқынуларға әкеліп соғатынын  ескерген жөн", - деді ол.