Жаңалықтар

Ғарышқа ұшқан мұсылмандар

ашық дереккөзі

Ғарышқа ұшқан мұсылмандар

Сұлтан бин Салман бин Абдулазиз әл–Сауд 1956 жылы 27 маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында дүниеге келді. Ол Сауд Арабиясы Корольдік Әуе күштерінің ұшқыш-полковнигі болған. 1985 жылы «Дискаверидің» СТС-51Г миссиясын орындау үшін ғарышқа ұшқаны белгілі. Оның ғарыштық ұшу ұзақтығы 7 сағат 1 сағат 38 минут 52 секунд болған екен. Әл-Сауд корольдік отбасынан ғарышкер болған алғашқы жан. Салман ғарышқа ұшқан алғашқы араб және мұсылман. Манаров Муса Хираманович 1951 жылы 22 наурызда Әзірбайжанның Баку қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Мәскеу авиациялық институтын бітірді. КСРО Әуе күштерінің полковнигі қызметін атқарған. Ол – бірінші  кеңестік мұсылман. Муса ғарышта 541 күн өткізген екен. 1987 жылдың 21 желтоқсанынан бастап 1988 жылдың 21 желтоқсанына дейін ТМ-4 Одағының бортинженері болып жұмыс істеді. Жлпы, ұшудың ұзақтығы 365 күн 22 сағат 38 минут болыпты. 1991 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 1991 жылғы 26 мамырға дейін ол тағы да «Союз ТМ-11» кемесінің бортинженері ретінде ұшқан. Оның ұшу ұзақтығы 175 сағат 1 сағат 50 минут болды. Ол, сондай-ақ, ашық кеңістікте 20 сағат өткізді. Қазір ол Ресейде тұрады. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қазақ КСР Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Әуе күштерінің зейнеттегі офицері. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМ-13»-пен ұшып, ресейлік ғарышкер Александр Волков пен австриялық Франц Фибекпен бірге ғарышта сегіз күн болды. Салижан Шакирович Шарипов 1964 жылы 24 тамызда дүниеге келген. Бірінші қырғызтандық ғарышкер, тәжік ұлтынан екен. Ол ғарышкер ретінде екі ғарыштық сапар өткізді (ол 1998 жылы АҚШ-тан астронавт ретінде, ал 2004 жылы ғарышкер ретінде Ресейден). Ғарыштағы жалпы уақыты – 201 күн 14 сағат 50 минут. 9. Айдын Ақанұлы Айымбетов Ол - 1972 жылы 21 шілде күні, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында туған. Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды. 10. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум ғарышқа аттанатын алғашқы араб әйелінің есімін атады. Ол Нура Әл-Матруши.