Елімізде 26-28 наурыз аралығында ауа райы бұзылады

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа-райы бұзылады деп болжап отыр. Ел аумағында Жерорта теңізі мен солтүстік-батыс аймақтардан келген екі циклон тоғысады, – деп хабарлайды Қазгидромет.

«Циклондар республиканың көп бөлігіндегі ауа-райын құбылтады. Барлық өңірде жауын-шашын, кей жерлерде қатты көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін», – делінген хабарламада.

Бұған дейін еліміздің тоғыз облысында дабылды ескерту жарияланған болатын.

Back to top button