Жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамбетов мансабын ресми түрде аяқтады

ашық дереккөзі

Хабиб Нұрмағамбетов мансабын ресми түрде аяқтады

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетов мансабын ресми түрде аяқтағаны белгілі болды. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт Twitter желісіндегі парақшасында жазды. "29-0. Ол карьерасын ресми түрде аяқтады, 100 пайыз. Сенің қалай жұмыс істегеніңді көру керемет болды, бәріне рақмет, одан әрі болатын жағдайлардан ләззат ал, досым", - деді Дана Уайт. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Хабиб Нұрмағамбетов арманындағы жекпе-жек туралы айтқан еді. Қаржылық мүмкіндіктері шектеусіз болған жағдайда өзінің Eagle Fighting Championship (ЕFC) промоушенінде қандай спортшыларды көргісі келетіні жайлы сұраққа: "Егер бұл жай қиял болса, онда мен Брок Леснарды шақырып, оны ресейлік Федор Емельяненкомен жекпе-жекке шығарар едім. Бұл өте қызықты болар еді: бздің жұлдызымыз да, американдық ММА жұлдызы да ортамызда. Мен бұл жекпе-жекті өз рингімде ұйымдастырар едім. Айтпақшы, бәрі де мүмкін", - деп жауап берді Нұрмағамбетов.