Хабиб Нұрмағамбетов арманындағы жекпе-жек туралы айтты

Хабиб Нұрмағамбетов арманындағы жекпе-жек туралы айтты

Хабиб Нұрмағамбетов арманындағы жекпе-жек туралы айтты
ашық дереккөзі
UFC чемпионы және Eagle Fighting Championship (ЕFC) промоушенінің иесі Хабиб Нұрмағамбетов қаржылық мүмкіндіктері шектеусіз болған жағдайда өз ұйымында қандай спортшыларды көргісі келетіні жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  "Газета.ру". "Егер бұл жай қиял болса, онда мен Брок Леснарды шақырып, оны ресейлік Федор Емельяненкомен жекпе-жекке шығарар едім. Бұл өте қызықты болар еді: бздің жұлдызымыз да, американдық ММА жұлдызы да ортамызда. Мен бұл жекпе-жекті өз рингімде ұйымдастырар едім. Айтпақшы, бәрі де мүмкін", - деді Нұрмағамбетов "Матч ТВ" эфирінде. Айта кетейік, Федор Емельяненко кәсіби мансабында 45 жекпе-жек өткізіп, оның 39-ында жеңіске жетті және алтауында жеңіліске ұшырады. Соңғы жекпе-жегінде ол американдық Квинтон Джексонды жеңді. Леснардың активінде бес жеңіс және үш жеңіліс болды, допинг сынағының сәтсіз аяқталуына байланысты тағы бір жекпе-жек өтпеді деп танылды. Қазіргі уақытта ол күреспен айналысады.Қазіргі уақытта ол рестлингпен айналысады.