Жаңалықтар

Túrkistan-ға сұхбат берген кәріс қызға Президент алғыс хат жолдады

ашық дереккөзі

Túrkistan-ға сұхбат берген кәріс қызға Президент алғыс хат жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хангук шет тілдер университетінің қызметкері, қазақ-кәріс сөздігін құрастыруға көмек сұраған кәріс қызға алғыс хат жолдады. Нұрай деген екінші есімі бар Ён Сонға Президенттің алғыс хатын Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев табыс етті. Сонымен қатар, аталған іс-шараға Хангук шет тілдері университетінің вице-президенті Шин Жоң Хуан мен Сеулде Ён Сонға қазақ тілін үйреткен профессор Әлия Құрышжан қатысты.