Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән беруі керек. Өйткені артық салмақ гинекологиялық, онкологиялық ауруларға ғана емес, бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін. Қауіпті аурулардан аулақ болу үшін Наталья Круглова майлы ет, шұжық, жартылай фабрикатталған ет секілді құрамында майы көп өнімдерден бас тартуға кеңес береді. Олар тамақтану рационында күнделікті болмағаны жөн.

Сондай-ақ, дәрігер денсаулық пен сұлулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану ережелерін ұстануға шақырды. Диетологтың айтуынша, тері жасушаларын жаңарту үшін құрамында Е дәрумені мол өсімдік майлары мен жаңғақтарды көбірек тұтынған жөн.

Маман көкөніс, жеміс-жидек, дәнді нан сынды тағамдарды күнделікті тамақтану рационына қосудың маңызын атап өтті. Теңіз өнімдері мен балықтың майлы сортын, Омега-3 майлы қышқылын тұтыну арқылы жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға болады дейді дәрігер.

Back to top button