Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды
Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды
Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Дорошенко "басқыншы елдің тілінде" сөйлеген және әріптестерінің ескертуін елемеген.
Ал депутаттың өзі Facebook парақшасында қатты қобалжығандықтан орысша сөйлегенін айтып ақталды.
"Қобалжыдым, сол себепті орыс тілінде сөйледім және украин тілінде ойымды жеткізе алмадым. Қоғам алдында, сондай-ақ "Еуропалық ынтымақтастық" партиясындағы әріптестерімнің алдында кешірім сұрағым келеді. Әріптестерім жасаған ескертулерге реакциям басқаша болуы керек еді", - деп жазды депутат.