Пошта қызметкері клиентпен орысша сөйлескені үшін жұмыстан қуылды

Пошта қызметкері клиентпен орысша сөйлескені үшін жұмыстан қуылды

Пошта қызметкері клиентпен орысша сөйлескені үшін жұмыстан қуылды
ашық дереккөзі
Украинада  "Укрпочтаның" Кривой Рогтағы пошта бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары клиентпен орыс тілінде сөйлескені және эпидемияға қарсы шараларды сақтаудан бас тартқаны үшін жұмыстан босатылды. Бұл туралы "Днепр панорамасына" сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Жанжал ақпан айының ортасында болған. Поштаға келушілердің бірі камераға қарап, өзін таныстырудан бас тарқан бөлімше қызметкерін видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Ер адам пошта қызметкерінен украин тілінде жауап беруді және медициналық маска киюді сұраған, алайда бөлімше меңгерушісінің орынбасары оның өтінішін орындаудан дөрекі түрде бас тартады. Кейіннен ол клиенттің үстінен полицияға шағымданған. "Укрпочта" өкілдері журналистерге әйелдің бірнеше ережелерді, соның ішінде тіл туралы заңның ережелерін және жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде қолдану талабын бұзғанын растады. "Қызметкер клиенттерге қызмет көрсету ережелерін елемеді, келушіге дауыс көтерді және дөрекі сөздер қолданды, бұл шектен шыққандық. Бұзушылықтардың дөрекілігін және бұған дейін де басшылық тарапынан қызметкердің қызмет көрсету сапасына қатысты ескертулердің болуын ескере отырып, компанияда қызметкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды", — деп атап өтті пошта өкілдері.