Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта Азия елдерінің мәдениеті мен тарихын насихаттауға арналған Silk Road House орталығын құруға себепші болған. Қазір аталған орталықтың президенті болып жұмыс істейтін Алма Бектұрсынқызымен хабарласып, сұхбаттасқан едік.

Біздің анықтама:

Алма Бектұрсынқызы Құнанбаева

Туған жылы: 1949

Оқу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерва­ториясы, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консер­ва­ториясы, Санкт-Петербург Театр, музыка  және кинематография институты

Марапаты: Өз мәдениетін өзге елде насихаттағаны үшін берілетін «Ellis Island Medal of Honor» медалі

Қызметі: Стэнфорд университетінің профессоры, Silk Road House орталығының президенті

black and red kyobi arts cool presentation 2

– Қазір сізді антрополог, та­рихшы деп атап жүргенімен, еңбек жо­лыңызды музыкатанушы ғалым ре­тін­де баста­ға­ныңызды көпшілік біле бер­мей­ді. Бүгін­де Америкада өзіңіз бас­қа­рып отырған Орта Азия елдерінің мә­де­ниетін бір ар­наға тоғыстыратын орталық – Silk Road House-ді ашу идеясын кім ұсынды?

– Мәскеу консерваториясында оқып жүр­генімде, ондағы таныстарым мені көпшілікке қа­з­ақ қызы деп таныстырып, мақтай жө­не­летін. Ал бірақ қалада өсіп-өнген, орыс мек­те­бінде оқыған менен өзге ұлттар «Қазақтар қан­дай ұлт? Олар қайдан таралады? Ұлттық му­зыкасы қандай?» деп сұрай қалса, ештеңе біл­мейтін едім. Сөйтіп, оқу бітіріп, Алматыға ора­лған соң, ұлттық музыканы зерттеуге бел будым. Қазақ музыка өнерінің тарихымен таныстырған ұстазым этномузыколог Әсия Есімова фольклорлық экспедицияларға бірге алып жүрді. Ақырында жыраулық дәстүрге қы­зығушылығым ауып, Қызылордада екі жыл­дай жұмыс істедім. Кейін Санкт-Петербургтегі Театр, музыка және кинематография инс­титутының фольклор бөліміне аспирантураға түстім. Оқуды аяқтаған бойда Санкт-Пе­тер­бург этнография музейінде Орта Азия, Қазақ­стан және Кавказ елдері бөлімшесінің мең­герушісі болдым. Сосын Санкт-Петербург пе­да­­гогикалық университетінде жаңадан ашыл­ған этнография кафедрасында жұмыс істедім. Одан кейін қайта құру кезеңі басталып, елдегі саяси жағдай қатты тұрақсызданып кетті. Сол уақытта Американың Мэдисон қаласында орналасқан Висконсин-Мэдисон универ­ситетінде Орта Азия елдерінің мәдениетін, әдебиетін зерттейтін бөлімді басқаратын Юлай Шамильоглу жұмысқа шақырды. Ол кезде америкалық студенттер Қазақстанды Пәкістан, Ауғанстан сияқты мемлекет деп түсінетін. Сөйтіп, оларға Қазақстанды, қазақ мәдениетін жеке бөліп қарастыру керек еке­нін жеткізу үшін бар күшімді салдым. Кейін­нен Беркли университеті, сосын Стэнфорд университетінің оқытушылары лекция оқуға шақырды. Сөйтіп, екі бірдей беделді уни­верситетте дәріс беріп, көзге түскен соң, көп­шілік маған Орта Азия елдерінің мәдениетін бір орталыққа тоғыстыру керек деп ұсыныс айта бастады. Нәтижесінде, екі университет профессорларының көмегімен 2009 жылы Silk Road House үйін аштық. Бүгінде мен сол орталықтың президенті қызметін атқарамын.

– Silk Road House туралы алғаш есті­ген­де шағын мәдени орталық шығар деп ойласам, кәдімгідей үлкен ұйым екен. Рес­ми сайтына кіріп қарағанда, ай сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастыр­ға­нын көріп, жұмысыңыз халық ассам­блея­сы атқаратын қызметтен еш кем емес екенін байқадым. Ұжымда неше адам еңбек етеді?

– Жалпы, бізде бес директор бар. Сонымен қа­тар  қасымда маған үнемі көмектесіп жүре­тін үш қазақ қызы бар, одан бөлек бір аме­ри­калық қыз жұмыс істейді. Байқа­ғаныңыздай, атқар­ған жұмысымыз орасан. Негізі, орталық тура­лы естіп-білген көптеген ұлт өкілдері өз­дері бізді іздеп келеді. Оларға лекция өткі­зе­міз, концерт ұйымдастырамыз, кино көрсе­те­міз. Наурыз мейрамы сайын мерекелік кон­церт­ке Қазақстаннан бір күйші немесе бір жырау шақыртамыз. Олар келген кезде туындыларын CD дискіге жазып аламыз. Мы­салы, Сыр сүлейлерінің жалғасы Бидас Рүс­тембековтің жырын, Эльмира Жаңабергенова­ның орындауындағы бірнеше термені жаз­дырттық. Сондай-ақ жалпы саны 33 тер­мені ағылшын тіліне аудардық. Жалпы, 12 жылдың ішінде көп қор жиналды. Қазақстандағы білім ордалары оқу құралы ретінде пайдалансын деген мақсатпен екі апта бұрын 1 700 дана кітап пен 5 000  CD дискіні елге салып жібер­дік. Биыл пандемиядан бөлек, Калифорния штаты үшін қиын жыл болды, өрт шарпыды, жер сілкінді. Сол үшін жеткізу қиынға соқса да, кейінге қалдырмайын деп шештім. Ор­та­лыққа Орта Азия елдері өкілдерінен бөлек, америкалықтар, әсіресе зейнет жасындағы про­фессорлар жиі келеді. Сонымен қатар Ор­та Азияға саяхат жасап қайтқандар сол ай­мақтың тарихын, мәдениетін сұрай келеді. Мұ­нымен қоса, біз Америкада өтетін түрлі фестивальға қатысамыз. Бірнеше жыл бұрын Ва­шингтонда бір аптаға жалғасқан үлкен фес­тивальға қатысу үшін Қазақстаннан 18 өнер­пазды алдырып, көшпенділер мәдениетін көр­сетіп қайттық. Елден екі киіз үй сатып әке­ліп, оны күн сайын тігіп, қайта бұзып, әлек­ке түскеніміз бар (күліп). Оның үстіне киіз үйді екінің бірі тіге алмайды екен. Кітап­та киіз үйді жарты сағаттың ішінде екі әйел лезде тігіп тастай алады деп жазылады ғой. Шындап келгенде, бұл біз ойлағандай оңай іс емес екен. Тағы бір қызық айтайын, сол фес­тивальға Қазақстаннан екі түйе алдыртуымыз керек деп байбалам салдық (күліп). Сол уа­қытта аталған аймақта эпидемия өршіп тұр­ған болатын. Сұрастырсақ, Қазақстаннан әке­лінетін түйелер бір айға карантинге жі­беріледі екен, ал бізде уақыт аз болды. Сөйтіп, күл­лі Америкадан түйе іздеп, әуре-сарсаңға түс­тік. Ақырында түйе асырайтын аме­ри­калық­ты тауып, Вашингтонға екі түйесін тиеп келуін өтіндік. Біздің жігіттер әлгі түйелердің ті­лін таба алмай, қызыққа «баттық». Сөйтсек, Американың түйелері қазақтардың түйені көс-көс деп шақыратын тілін түсінбейді екен. Содан не керек, жыққан киіз үйді түйеге тиеп, Ва­шингтон төрінде әндетіп, қиқулатып, кө­шені «басымызға» көтеріп, керуен көшін көр­сетіп қайтқанбыз.

black and red kyobi arts cool presentation 3

– Қазақстанда 2018 жылдан бастап шіл­­денің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Десек те, сіздер Америкада одан бұрын Ұлттық дом­быра жылын бекітіп, бір жыл бойы осы аспапты меңгеремін деушілерге тегін курс өткізіпсіздер…

– Иә, бір жыл бойы домбыра жылын той­ладық. Негізі, бұған америкалықтар себепші бол­ды. Орталыққа келгенде домбыраның үнін естіп, елітіп қоя берген олар осы аспапта ойнауды үйретуімізді өтінді. Сөйтіп, арнайы тапсырыспен әзірлетіп, Ақтаудан 10 домбыра алдырттық. Есеп беру концертінде сахнаға америкалықтарды шығарып, күй тартқыздық. Жал­пы, америкалықтар Құрманғазы баба­мыздың «Адай» күйін ерекше ұйып тыңдайды. Қазақ өнерпаздарының өзіне тарту қиынға соғатын сол «Адайды» америкалықтар мүдір­мей орындап шықты. Сосын күйді үйретудің оңай екенін біліп, балаларға үйретуді қолға алдық. Негізі, осы жерде жеке оркестр құрсақ па деген бір ойым болған. Әттең, жастардың қолы тие бермейді. Бос уақытында орталыққа келетін олар оқу, одан қалды жұмыс деп жү­гіріп, мәдени шараларға қатыса алмай қа­лады. Осы 12 жыл ішінде түсінгенім, амери­ка­лық­тардың үлкені болсын, кішісі болсын біздің өнерді өте жоғары бағалайды. Әсіресе, Димаш­тың жаңа әнін ести сала, бізге келіп, мағы­насын, аудармасын сұрастырып жатады. Со­ны­мен қатар біздің сахнада бірнеше рет өнер көрсеткен «Тұран» этно-фольклорлық ан­самб­лінің өнерін ерекше бағалайды. Айтыс­тарды тыңдатсақ, рэпке теңеп, суырып сал­малық өнерді еркін меңгерген ақындардың өнерін көріп, басын шайқайды. Күй тартысты тамашалағанда, тіпті орындарынан түрегеліп, қошемет көрсетеді. Егде тартқанға дейін дом­быраның құлағында ойнаған Дина Нұрпейіс­қызы туралы видеоматериалдарды көргенде, талқыға салып, таңғалыстарын жасырмайды.

black and red kyobi arts cool presentation 1

– Әлемдегі ең беделді оқу орын­да­ры­ның бірі – Стэнфорд университетіндегі оқы­тушылық қызметіңіз туралы әңгіме өр­бітсек. Аталған университетте ІТ, биз­нес жүргізу, мемлекеттік басқару бойын­ша алдыңғы қатарлы мамандар даяр­лай­ты­ны белгілі. Осындай сұранысқа ие ма­ман­дықтарды игеріп жүрген Стэнфорд сту­денттерін қазақ мәдениетінің қай кезеңі қызықтырады екен?

– Стэнфорд университетінде оқитын сту­денттер алдын ала дайындық курстарын оқып, көп нәрседен хабардар болатынын біле­сіздер. Бірақ олар Орта Азия елдерінің мә­дениеті туралы бұрын-соңды естімеген. Айта кетерлік жайт, Стэнфорд универси­те­тін­дегі басшылық маған сабақта мына тақырып туралы дәріс оқы, ана тақырыпты талқыға сал деп еш айтпаған. Әдетте, бізде оқу жоспарын алдын ала министрлікпен бекітіп, нақтылап алады ғой. Менде ондай болмады, студенттерге не айтып, не жеткізгім келеді, өзім білетінмін. Оларға дәріс оқумен қатар, қазақтың кино­ла­рын көрсетемін. «Қыз Жібек» фильмін көрме­ген студентім жоқ. Одан бөлек, кейінгі буын режиссерлер түсірген киноларды да көрсеттім. Осылайша, студенттерімнің арасында Қа­зақ­станға асқан қызығушылық танытып, біз­дің ел туралы зерттеу жүргізгісі келеті­н­дердің қа­тары көбейді. Студенттерімнің көпшілігі ме­нің сабағымда көп мәліметке қанық болған соң, Қазақстанға саяхат жасайды. Тіпті, бір сту­дентім Қазақстанға барып, сонда қалып қойды. Осында орыс мәдени орталығындағы әріптестерім «Сіз америкалықтарды Қазақ­стан­­ға жіберіп, қазақ қылып жатырсыз» деп қал­жыңдайды. Студенттер кинодан бөлек, қа­зақтың салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары жайын­да білгісі келеді. Жалпы, көшпенділер мә­дениетінің, оның ішінде қазақтардың дәс­түрлі мәдениеті әлі толық зерттелмеген. Сту­денттерімді сол туралы мәлімет қызықтырды. Со­сын мұндағы дінтану факультетінде оқи­тындар исламның қазақ жеріне таралуы ту­ралы көп білгісі келеді. Көп адам «қазақтар ша­ла мұсылман болды» деген пікірді алға тартатындықтан, олар осы жайында толыққанды мәлімет алғысы келеді. Сосын олар қазақтардың  Кеңес Одағы кезінде бастан кешкен қиын­шылықтарын жиі сұрайды. Қазір уни­верситеттегі жұмысым тоқтап тұр. Көш­пен­ділер мәдениеті туралы сабақ негізгі пән емес, таңдау сабағы болған соң студенттер өздері жа­зылатын. Қазір пандемияға байланысты оқу жүйесі де өзгерді. Жағдай түзеліп, қайта дәріс оқуға шақырған күннің өзінде де бар кү­шімді Silk Road House-ге салайын деп тұр­мын. Өйткені ешқандай іс-шара өткізуге рұқ­сат етілмейтіндіктен, орталықтың жұмысы тоқ­тап қалмасын деп әртүрлі жолдар қарас­тырып жатырмын.

black and red kyobi arts cool presentation 4

– Көшпенділер мәдениеті әлі толық зерт­телмегенін, шетелдіктердің бұл тура­лы көп білгісі келетінін айтып қалдыңыз. Өзіңіз секілді сыртта жүріп,  көшпенділер мәдениетін насихаттап жүрген өзге мамандар бар ма?

– Көшпенділер туралы зерттеулер енді қол­ға алынып жатыр, тиісінше көшпенділер фи­лософияның парадигмасы өзгеріп жатыр. Қа­зір Кеңес уақытындағы түсініктердің «кісе­ні­нен» босап жатырмыз. Дегенмен, арамызда өз мәдениетіміз туралы зерттеулерді қайта қо­­парғанда мұның бекершілік екенін айтып, артта қалушылық екенін алға тартатындар да бар. Біздің мәдениетті бәсі биік, ертеңгі күннің мәдениеті деп білемін. Көшпенді деген сөзді жағымсыз сипатта түсінбеген жөн. Оты­рықшы мәдениет – ең көне мәдениет, сол ор­тадан шыққан қазақтар өркендеп, бірте-бірте көшпенді өмір салтын ұстана бастады. Көшпенділік деген бір жерден екінші жерге көшу емес, ол – ерекше мәдениет үлгісі. Бірақ біз мұның өзіндік ерекшелігі туралы көп мәлімет біле бермейміз. Жоғарыда айтып өткен Вашингтондағы фестиваль кезінде көп адам киіз үйге кіріп көргісі келді. Бірақ ішіне адам сыймайтын болған соң, бір күні тек балаларды кіргіземіз деп шештік. Сол күні бір әйел баласының сырқаттанып жүргенін айтып, бірге кіруін өтінді. Біраздан соң, әлгі әйел киіз үйден жылап шығып, маған қарай бет­теп келе жатыр. Бірдеңе болып қалған екен деп, зәре-құтым қашып, қасына жүгіріп бар­сам, «Жүріңізші, мынаны көріңізші!» деп ішке кіргізді. Киіз үйге кірсек, әлгі бала керегенің қасында ұйықтап жатыр екен. Сосын анасы «Менің балам аутизммен ауырады. Ол у-шуды естісе, мазасы қашып, жүйкесі сыр беретін. Ал балаларға лықа толы мына үйлеріңіздің ішін­де пырылдап ұйықтап жатыр. Бұл ғажап нәр­се!» дейді. Бала оянған соң, сол жердегі бір топ ғалымдардан мұның себебін сұрастырдық. Сол фестивальді тамашалауға келген бір мық­ты дәрігер киіз үйдің ішінде дыбыс қабырғаға со­ғылып, жаңғырық болып шықпайтынын айтты. Сол себептен де жүйке ауруларына шал­дыққан адамдар киіз үйдің ішінде релак­сацияда болады екен. Мұны өтірік дейін десек, әлгі баланың жағдайын өз көзіммен көрдім. Осы секілді біз білмейтін заттар өте көп, әлі де зерттей түсу қажет.

– Естуімше, америкалықтар асырап алған қазақ балалар да сізбен тығыз қа­рым-қатынаста жұмыс істейді екен. Олар­ды өзіңіз іздеп жүріп тауып ал­дыңыз ба, әлде сіздің орталық туралы ес­тіп-білген ата-аналары өздері ертіп кел­ді ме?

– Ата-аналары өздері ертіп келді. Шы­ным­ды айтсам, орталық ашылғанға дейін елден асырап алған балалар туралы естімеп­пін. Біздің орталыққа келген бір топ ата-ана­ның «Оңтүстік Кореядан, Қытайдан асырап алған балалар өскен соң, асырап алған ата-ана­ларына «Біздің кішкене кезімізді пайда­ланып, өз ортамыздан жұлып алып, мәдение­тімізден, тамырымыздан ажыраттыңдар» деп кінә тағады. Балаларымыз өскенде бізді дәл осылай кінәламас үшін оларды осы бастан өз мәдениетімен таныстырғымыз келеді. Бірақ біз бұл мәдениет туралы ештеңе білмейміз. Қандай көмек көрсете аласыздар?» деп көмек сұрағаны бар. Сол себепті оларды жаз сайын арнайы жасақталған лагерьге шақырып, сол жерде көп нәрсені талқылаймыз. Сонымен қатар оларды балалармен бірге біздің орта­лықта өтетін іс-шараларға жиі қатыстырамыз. Өткенде концерт сайын скрипкада небір керемет туындыларды орындап жүрген Мадина есімді қызымыз «Скрипкада қазақша қандай әуенді орындауға болады?» деп сұрай­ды. Оның бұл ниетіне риза болған біз өзі­міздің музыканттардан көмек сұрап, бірнеше туынды тауып бердік. Айта кетерлігі, олар бауырсақты жақсы көреді. Олардың келетінін біліп, бауырсақты молынан пісіріп қойсам да, соңында жетпей қалады, себебі барлығы таласып жейді. Америкалықтар донатс деп аталатын білезік пішінді бәліштерді сүйіп жейді, ал мына балалар бауырсақтың дәмі сол донатстан әлдеқайда өзгеше екенін айтады. Кейде «Бүгін бізге келесіңдер ме?» деп хабар­лассам, «Дастарқанда бауырсақ бола ма?» дейді (күліп). Қымыз, қазы туралы естіп алған олар «Қымыз, қазы қашан әкелесіз?» деп сұрайды. Елден кім, қашан әкеледі деп күтіп жүргенше, осы жерде әзірлеп берейін десең, Америкада жылқы союға рұқсат етілмейді. Дегенмен көрші штатта тұратын үндістердің салт-дәстүрін ескерген жергілікті әкімшілік оларға жылқы бағып, оны сойып алуға рұқсат берген. Осында тұратын қазақтар жылқының етін сол үндістерден түнде келіп, алып кетеді. Ал Наурыз мерекесінде көжеге қосу немесе ет асу үшін сүрлеп сақтаған және елден әкелген қазыларды саламыз.

black and red kyobi arts cool presentation

– Әңгіме басында қазақ жастарының елден көшуіне алаңдайтыныңызды ай­тып қалдыңыз…

– Жастардың шетелге шығып, ел кезіп, жер көргені дұрыс. Алайда, таяқтың екі ұшы бар деген секілді, мұның да кереғар тұсы бар. Олар қандай ауыр жолға түскендерін байы­бына барып түсінбейді. Жас болған соң, олар­ға барлығы қызық, барлығы тартымды көрі­неді. Таныстарымның Google, Amazon ком­панияларында жұмыс істейтін қазақ балалары бер­ген тапсырманы жоғары деңгейде оры­н­дайды, алғыр, ерекше мәдениет өкілдері деп айтқанын жиі естимін. Қазақ балаларды асырап алған ата-аналар да олардың оқуға құмар, қағілез екенін айтады. Бәлкім, өзім қазақ болған соң маған солай айтатын шығар. Дегенмен қазақ «Үйден қырық қадам шыққан адам мүсәпір» дейді. Адам баласының туған же­рін сүюі –  табиғи заңдылық! Мені алаңда­татын жағдай – мұнда балаларға қазақ тілінде оқуға мүмкіндік жоқ, сәйкесінше балалар ана тілін ұмытып қалады. Қазір қазақша сөйлей алмаса да, түсінетін балаларды кездестірсек, соған риза болатын жағдайға жеттік. Ана тілден ажырап қалуға болмайды, ана тілін ұмытқан адам мәдениетінен қол үзіп қалады. Шетелдегі жұмыс бізде де бар, елдегі оқу сапасы шетелдік жүйеден кем түспейді. Қазақстанда да әлем университеттеріне тең білім ордалары жетерлік. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ірі университеттерді айтпағанда, Түркістан қаласындағы университеттің ерекшелігі туралы көп естиміз. Сол универ­ситетті бітіріп келген балалар ағылшын, түрік тілін жетік біліп қана қоймай, қазақ мәдениеті туралы көп мәліметтен хабардар. Ал шетелге келіп, шынығамын, тәжірибе жинақтаймын деген қазақ ең болмаса жүрген жерінде қазақ тілінде сөйлеп, қазақ екенін айқындайтын құндылықтарды ұмытпаса екен деймін. Өзге елде жүріп, өз ұлтымның мәдениетін насихат­тағаным үшін «Ellis Island Medal of Honor» медалімен марапатталдым. Америкада қазақ мәдениеті туралы көптеген жыл бойы тынбастан наси­хаттап жүрген жалғыз мен шығармын. Десек те, сыртта жүріп, қазақ халқын әлемге таныту үшін қыруар жұмыс істедім деп  мақтан­баймын. Тек еңбегім зая кетпесін деймін. Хал­қы­мыз «Маңдайыңа жазылғаннан аспай­сың, пешенеңе не бұйырса соны көресің» дейді. Менің маңдайыма жазылғаны осы – шетелде қазақ мәдениетін насихаттау болса керек.

Сұхбаттасқан

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз өнерінің ең нәзік, ең күрделі саласы әдеби сын бойынша қалам тербеп келе...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...
mycollages

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз...
halima

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы...
img23

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке...

Жаңалықтар

Еліміздің әр аймағының Ораза кестесі

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы биылғы Ораза кестесін жариялады. Назарларыңызға 2021 жылғы Қазақстан елдімекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз. Еске сала кетейік, биыл Рамазан...

Айта алмағанымды жазып шықтым. Жұлдыз Әбдікәрімова «Сезін» атты кітабының тұсаукесері өтетінін айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан бірнеше ай бұрын оқырмандарымен ақылдаса отырып, алдағы шығатын кітабының атауын "Сезін" деп қойған болатын. "Мен бұл оқиғаны ешқашан айтпаймын, айта да алмаймын...

Өскеменде шыны жууға арналған сұйықтықтан улы зат табылды

Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы қала дүкендерінің бірі құрамында улы зат - метанол бар шыны жуатын сұйықтықтың жалған өнімін лицензиясыз сатқанын мәлімдеді, деп...

Үздік 50 ғылыми қызметкерге 5 миллион теңге сыйақы тағайындалмақ

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Мұндағы механизм «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас болады. Бұл «Ғылым туралы» Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес...

Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz. Ербол Қарашөкеев еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер...

Өрттен зардап шеккен азаматқа көмек көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалына өрттен зардап шеккен Еркін ауылының тұрғыны көмек сұрап жүгінді. Мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші...

Нұр-Сұлтандық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті

Нұр-Сұлтан қаласының 16 жастағы оқушысы Ерасыл Тәуекел NASA-да тағылымдамадан өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 10-сынып оқушысы. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеумен айналысып жүр, өзі...

Рахым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшылығына тағайындалды

Рақым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге...

Мемлекет басшысы ғылым саласындағы қызметкерлерді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. "Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған...

Елімізде бір жыл ішінде кедей адамдардың үлесі 20%-ға артқан

Елімізде азық-түлік себетіне қаражаты жетпейтін отбасылар саны 50%-ға өсіп, 28 мың адамға жеткен. Соған қарамастан байлардың саны да артқан. Еліміз ауқаттылардың санының өсуі бойынша...

11 адам қамауға алынды: Киік мүйізін сатқандар ұсталып жатыр

Қазақстанның үш өңірінде киік мүйізін саудалаған браконьерлер мен алыпсатарлар ұсталды. Ауқымды шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тексеріс жүргізіліп, заң бұзған 11...

Алматылық әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті

Алматылық әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақпарат Facebook-те тарады. Олар 9 сәуір күні 15:00-де азық-түлік алу үшін үйден шығып,...

Батыста баспана сатып алғандар көбейген

Елімізде наурыз айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 673 келісім жасалған екен. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 28,2 пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының...

Филипп ханзадаға ескерткіш қойылмақ

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жары ханзада Филиппке Лондон қаласының Мэлл көшесінде ескерткіш қойылады. Алдын ала келтірілген деректер бойынша, ескерткіш үшін жұмсалатын шығынның бір бөлігі қайырымдылық...

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы қамауға алынды

Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. 63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен...

Бұршақ аралас жаңбыр: 13 сәуірдегі ауа райына болжам

Синоптиктер 13 сәуірдегі ауа райына болжам ұсынды. Еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын...

ІІМ заңсыз сақталған қару-жарақтарды ақшалай сыйақыға қабылдауды бастады

Қазақстандықтар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш затты ақшалай сыйақыға тапсыра алады. ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, қарудың әр данасы...

Отандық ғалымдар вирусқа қарсы қорғаныс экранын жасады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінің жас мамандары Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бірге бетке арналған ALFASHIELD қорғаныс экранын әзірлеп шығарды. Пандемия басталған кезде көптеген...

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз өнерінің ең нәзік, ең күрделі саласы әдеби сын бойынша қалам тербеп келе...

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Ростислав Анатольевич Коняшкин тағайындалды. Ростислав Коняшкин 1989 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. М.В....

Карантин: Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай айтты. «Алғашқы тарауық намазы бүгін оқылады....

Былтыр басы дауға қалған полицей жаңа басшылық қызметке тағайындалды

2020 жылы басы дауға қалып, қызметінен босатылған Алматы криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл ақпаратты Алматы...

Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың коронавирус жұқтырғандардың саны күннен-күнге көбеймесе, азаймай отырғанын айтты.  Қазақстан 12 күннен бері «қызыл» аймақта, оның ішінде 8 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы...

Үкімет басшысы 2 облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс берді

Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жетекшілік ететін экономика салаларында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыс жалғасын табуы керегін айтты. «Биылғы жылғы қаңтар-наурыз қорытындылары...

«Nur Otan» партиясы вакциналарды аймақтарға бөлу мәселесін бақылауына алады

Тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе салу және вакциналарды аймақтарға бөлу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынады. Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдастырушылық отырысында белгілі болды....

Жұмыс орнында ішімдік ішкен судьялар қызметінен босады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айрықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, судьялардың әлеуметтік жағдайы жақсарса да, жемқорлық дерегі азаймай отыр. Бұл туралы zakon.kz жазды. Биыл...

Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілгенін айтты. «1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген...

Солтүстік Корея Токио Олимпиадасына қатыса ма?

Солтүстік Кореяелі бұған дейін 2 рет Олимпиада ойындарына бойкот жариялаған. 1984 жылы Лос-Анжелесте өткен Олимпиадаға Кеңес одағының талабы бойынша қатысудан баст тартқан. Ауғанстанға Кеңес...

Ғарышқа ұшқан мұсылмандар

Сұлтан бин Салман бин Абдулазиз әл–Сауд 1956 жылы 27 маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында дүниеге келді. Ол Сауд Арабиясы Корольдік Әуе күштерінің ұшқыш-полковнигі болған. 1985 жылы «Дискаверидің» СТС-51Г миссиясын орындау...

Өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398 Алматы қаласы - 610 Шымкент қаласы - 53 ...

Елорда әкімдігі бірқатар құрылыс компаниясының жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мобильдік топтары күн сайын құрылыс компанияларының балшықты, топырақты, құрылыс қоқысын және т.б. шығаруын бақылау бойынша жұмыс жүргізуде. Мобильді топтардың құрамына Қалалық орта сапасы...

Биыл докторантураға түсу ережелері өзгерді – БҒМ

Білім және ғылым министрлігі Telegram каналында биылдан бастап докторантураға қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетінін хабарлады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады, докторантурада оқуға дайындығын растау...

12 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1961 жылы 12 сәуірде ұшқыш-ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток-1» ғарыш аппаратымен әуеге көтерілді. Қызылорда облысы аумағындағы №5 полигоннан күндізгі сағат...

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

12 сәуір республиканың басым бөлігіне жоғарғы қысым аумағы ықпал етуіне байланысты, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей...

Араб әйелі ғарышқа аттанады

Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум ғарышқа аттанатын алғашқы араб әйелінің есімін атады. Ол Нура Әл-Матруши. Бұл туралы baq.kz мәлімдеді. Нура Әл-Матруши...

Марста кемпірқосақ пайда болды

Марста түсірілген фотода ғажайып табиғи құбылыс байқалды. Америкалық Perseverance аппаратына түскен фотода кемпірқосаққа ұқсас белгі көрінеді. Аталған қызықты сурет ғарышқа қызығушыларды толғандырып қойды. Оларды жаңбыр...

Білім және ғылым министрлігі докторантураға түсу ережелері өзгергенін хабарлады

ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл докторантураға түсу ережелеріне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Докторантура бөліміне қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетін болады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады,...

Еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын ұтып алды

Алматыда күрес түрлерінен өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық Юсуп Батырмұрзаев алтын жүлдені иеленіп, сонымен қатар олимпиада жолдамасын жеңіп алды. 125 келіге...

Бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп кетті

Францияда аяз салдарынан бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп қалды. Француз шарапшылары аязды түндер елдің ең танымал және беделді шарап аймақтарында егіннің едәуір бөлігіне қауіп төндіріп тұрғанын...

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Із-түссіз жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов тікұшақпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "10 сәуір күні сағат 3:00-де Нұра ауданында адам жоғалғаны туралы хабарлама келіп...

Иманбектің шетел жұлдыздарымен бірлесіп жазған жаңа әні шықты

"Грэмми" сыйлығының лауреаты диджей Иманбек Зейкенов жанкүйерлеріне Шон Пол (Sean Paul) және София Рейеспен бірлесе жазған жаңа туындыны ұсынды. Ол  жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында...

Clubhouse-тың 1,3 миллион пайдаланушысының деректері ашық дереккөздерде тарап кетті

Clubhouse әлеуметтік желісінің 1,3 миллион пайдаланушысының жеке деректері тарап кетті, деп хабарлайды Cybernews бейінді порталы. Бұған дейін Facebook-тің 533 миллион пайдаланушысының жеке деректері мен телефондары...

Солтүстік Кореяда қашықтан оқытуды дұрыс ұйымдастыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі қашықтан оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша комиссия төрағасын органның жұмысын дұрыс атқармағаны үшін өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды РИА Новости.  Daily...

Елімізде өткен тәулікте 2842 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 2842 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 591, Алматы қаласы - 709, Шымкент қаласы - 88, Ақмола облысы - 103, Ақтөбе...

Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен «Керуен-сарай» ашылды

Түркістанда Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалды "Керуен-сарай" туристік кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі. Инвестициялық жобаны "Turkistan Tourism City" компаниясы іске асырды....

Швейцариядағы турнирде қазақстандық тенисші чемпион атанды

Қазақстандық тенисші Анна Данилина грузиялық Екатерина Горгодземен бірге жұптық сында Швейцариядағы W60 BELLINZONA ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстандық-грузиялық жұп жүлде...

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығына байланысты халықаралық турнирден шығып қалды

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернет байланысындағы ақауларға байланысты Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды. Бұл туралы шахматшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығына байланысты...

ШҚО-дағы 12 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр

Шығыс Қазақстанның Новопокровка ауылында 10 тұрғын үйдің ауласын су басып, 36 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір аумақта 40-қа жуық құтқарушы мен семейлік әскери...

293 дана киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. «Биыл 9 сәуірде киік мүйізінің...

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай түрде сөз саптайсың ғой. Бірақ партия лидері бола тұра және бір елдің...

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы бейнесін сомдаған қазақтың даңқты әншісі Күләш Байсейітова есімізге түседі. Ал Ақжүніс образын...

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды. Көп балалы отбасы көшеде қалғалы тұр. Астана тұрғыны бұл шешіммен келіспейді,...

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24". Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников...

Еліміздегі 10 миллион гектар орман алқабы жайылымға берілмек

Елде орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға беріледі. Бұл мәселе бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды. Жиын...

Журналистиканың ардагері Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойы аталып өтті

Оңтүстік өңірдің ардақты журналисі Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойын атап өту шаралалары Түркістанда бастау алды. Атап айтқанда, Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек...

Көктемде иммунитетті жақсартатын 5 дәрумен

Гиповитаминоз - адам ағзасына дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Көбінесе гиповитаминоз қыста және көктемнің басында, жаңа піскен көкөністерді, жемістерді тұтынбағаннан, күн сәулесінен келетін дәрумендер азайған кезде...

ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар...

Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбур герцогі Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды akorda.kz Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II...

Ingenuity тікұшағы 11 сәуір күні Марста алғашқы рейсін жасайды

Ingenuity тікұшағы 11 сәуірде Марста алғашқы рейс жасайды. Бұл туралы ToDay News Ufa РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. Бастапқыда ұшу 8 сәуірге жоспарланған болатын, ұшу...

Қабдеш Жұмаділовтің телеарнаға берген соңғы сұхбаты (видео)

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады. Жазушының...

«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасына Түркия қолдау көрсетеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған "Ясауи ізімен" ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналады. Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы...

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Ірі көлемде пара алып жатып ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді. 2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас...

Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады: кинотеатр, боулинг,...

Елімізде өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 548, Алматы қаласы - 715, Шымкент қаласы - 85, Ақмола облысы - 99, Ақтөбе...

Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері вакциналарды араластырып салдырмауға кеңес берді. Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Себебі министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші...

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

Apple-дің жаңа смартфонында деректерді қорғайтын екі сенсор — Face ID және Touch ID болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында белгілі инсайдер Макгуайр Вуд мәлімдеді,...

Президент: Сапасыз жолдарды жөндеуге мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға берді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.  «Еліміздегі республикалық және жергілікті...

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

Колумбияның Тунха қаласында тұратын 104 жастағы Кармен Эрнандес коронавирусты екінші рет жеңді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.media хабарлады.  Алғашында кейуана коронавирустан 2020 жылдың...

Букингем сарайы: Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болды

Британдық герцог Эдинбург ханзадасы Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы ресми түрде мәлімдеді. Ол патшайым Елизаветамен 74 жыл отасқан. Олардың төрт баласы...

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Ел тұрғындарына салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра ала ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық...

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Медеу және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті....

Солтүстік Корея «Қиын жорық» жолына түседі — Ким Чен Ын

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының барлық деңгейдегі ұйымдары "Қиын жорық" жолына түсетінін мәлімдеді. Бұл саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге үстемақы қосылатыны рас па — министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық зейнеткерлер мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы алатыны туралы жалған хабарлама таратуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жапония билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесін пысықтап жатыр.  Daily Mail басылымының хабарлауынша, жапон үкіметі жұмыс уақытының қысқаруы...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Алматыда жылжымалы вакцина салу пунктері ашылады

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты. «Медициналық мекемелер мен емханалардан...

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

АҚШ президенті Джо Байден елдің әскери бюджетін қысқартпақ. Бұл салаға бағытталатын қаржы көлемі елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың  бөлгісі келген сомадан 7 млрд долларға...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туындысы − ақпараттық технологияның дамуы ғылым-білім...

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Мемлекет басшысының «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру аясында 14 кеңес құрылды. Әрине, барлығының өзін­­дік орны мен мақсаты, бағыт ба­ғ­да­ры алабөтен, бірақ...

Соңғы көш Кеңсайдан емес, кең даладан дамыл тапты…

Бұдан бұрынғы жылдары өмілдірік құйысқаны күнмен көмкеріліп кісінеп ерте жететін кербесті көктемнің биылғы келісі кештеу болды. Көкек шақырып үлгермей, Арқаның ақ түтек ақпа бораны...

Атырауда бала ұрған тәрбиеші 4 жылға сотталды

Атыраудағы №2 қалалық сот сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 "Алтын балық" мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Педагог...

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

«Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғы­лымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі құрылғаны баршамызға белгілі. Еліміздің дамуының негізгі бағыттарын қамтитын дәл осындай 14 Қоғам­дық кеңес...

Америкалық отбасы Моңғолияда қазақ тілін үйретіп жүр

АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасы­мен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа...

СҚО «сары» аймақта: Өңірде карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті. Осыған орай бүгін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланады. СҚО санитаириялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше,...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1993 жылғы 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 1996 жылғы 10 сәуірде Ресей Федерация­сын­да Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті. 1999...

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында энциклопедия тұсаукесері өтті

8 сәуір күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» басылымының тұсаукесері болып өтті. Руханият қоржынымыз тағы...

Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан...

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап...

Ғарышкер қазақ елін сағынышпен еске алды

1981 жылы нау­рыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жуг­дэрдэмидийн Гуррагчаа мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұш­қыш-ғарышкер Вла­димир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Бай­қо­ңыр­дан ғарышқа көте­рілген болатын....

Қол ұстасып көш бастаған

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесіне  қадам басып отырмыз. Бұл жылдарда  елі­міз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей  бас­шы­лығымен бұрын-соңды болмаған мол табыстарға жетті....

Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді...

Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы емханалардан басқа нысандарда ашылған екпе салу орындарының 9 сәуірдегі жаңартылған тізімін ұсынды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе...

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Әсен Жақсылықов Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды. Әсен Жақсылықов 1980 жылдың 3...

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9...

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам табылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Қаракөл ауылынан Жаңа Бұқтырма кентіне бет алған 1988 жылғы әйел мен 1986 жылғы ер адам жоғалып...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 264 мыңға жуықтады

Қазақстанда өткен тәулікте 2440 адамда коронавирус расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz жазды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 446, Алматы қаласы - 717, Шымкент қаласы - 72,...

Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр

Талдықорғанда жаңадан салынған коттеджді қалашықтың тұрғындары газға белшесінен қарызға батып жатыр. 250 тұтынушының берешегі 22 миллионға жеткен. ҚазАқпараттың жазуынша, 2 жыл бойы үндемедік деген «ҚазТрансГазАймақ»...