Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

ашық дереккөзі

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен атап өтуге кеңес береміз. Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус инфекциясының таралу дерегі көбейгенін білесіздер. Осыған байланысты санитар нормаларды, маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз», – деді Марат Шоранов. Айта кетейік, наурызда 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады. Наурыз мейрамы кезінде ел тұрғындары сенбі 20 наурыздан сәрсенбі 24 наурызға дейін – бес күн демалады.