Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды
ашық дереккөзі
Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны Северодонецкідегі әскери госпитальда салдырды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын алған болатын. Ал Кипр президенті Никос Анастасиадис Pfizer және BioNTech компаниялары өндірген екпені салдырды.