Президент ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды

Президент ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды

Президент ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды
ашық дереккөзі

Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Интерфакс. Мемлекет басшысының вакцина алу кезіндегі суреттері жергілікті басылымдарда жарияланды. Бұған дейін аргентиналық БАҚ елдің 60 жастан асқан тұрғындарын ресейлік препаратпен вакцинациялауды мақұлданғанын хабарлаған болатын. "Президент вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәлімдеме жасап, оның міндеті - аргентиналықтарды вакцинамен тезірек қамтамасыз ету екенін айтты", - деп жазады La Nacion. Президенттің сөзінше Аргентина тек «Спутник V» ғана емес, коронавирусқа қарсы басқа екпелерді де пайдалануға ниетті. Айта кетейік, желтоқсан айында Аргентинаға «Спутник V» вакцинасының 300 мың дозасы жеткізілді. Ал 16 қаңтарда елге 300 мың дозадан тұратын вакцинаның екінші партиясы келді. Мемлекет билігі жалпы саны 10 млн дозаны жеткізуге мүдделі.