Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.
Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.
Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы:
Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және елімізді дамыған, демократиялық мемлекетке айналдыру жолында аянып қалмады. Мемлекетіміздің жетістікке жетудегі негізгі құпиясы ұлттық бірлік пен келісім формуласында деп санаймын. Н.Назарбаев құрған осы идея аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Этникалық алуан түрлілігіне қарамастан, біздің халқымыздың бірлігі мен ұйымшылығы – біздің еліміздің басты күші. Бұл туралы Елбасының өзі де сан мәрте айтты.Тұрақтылығымыз бен бірлігіміздің арқасында еліміз биік белестерді бағындырды.
90-жылдардың басында КСРО-ның бұрынғы елдерінің көпшілігінде мағынасыз әскери қақтығыстар орын алып жатқан сәтте қазақ, орыс украин, татар, ұйғыр, вайнах және басқа да ұлт өкілдері бір-біріне көмек қолын созып, қамқор болып, Қазақстанның болашағы үшін күш біріктіре әрекет етті.
Бүгін мен бүкіл Қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтағым келеді! Қазақ халқы өз басына күн туғанда да, өзі аштықтан қырылып жатқанда да, Қазақстанға жер аударылған және көшірілген басқа халықтарға қол ұшын созып, бір үзім нанын бөлісіп жеді. Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.
Сондықтан мен ең алдымен қазақ халқына рахмет айтамын. Елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құруын тілеймін. Жаратқан ие бірлігімізге жар болып, кез келген қиындықтан мойымай өтуді жазсын!