Мейрамбек Аққалиев: Бөкей Ордасы ауданындағы 24 сайлау учаскесі жұмыстарын бастап кетті

Мейрамбек Аққалиев: Бөкей Ордасы ауданындағы 24 сайлау учаскесі жұмыстарын бастап кетті

Мейрамбек Аққалиев: Бөкей Ордасы ауданындағы 24 сайлау учаскесі жұмыстарын бастап кетті
ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданы № 54 сайлау учаскесінің бақылаушысы Мейрамбек Аққалиев аудандағы халықтың белсенділігі, жалпы сайлау науқаны қалай өтіп жатқаны жөнінде өз пікірін білдірді.  width= – Бөкей Ордасы ауданы бойынша барлығы 24 сайлау учаскесі бар. Барлығы өз уақытында ашылып, белсенді түрде жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі жағдайға байланысты санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс істеп жатырмыз. Тәртіп бұзғандар жоқ.  width= Аудан бойынша 9 640 сайлаушы бар. Қазіргі есептеуіміз бойынша, соның 3846 сайлаушы дауыс берді. Жалпы, халық белсенділік танытып жатыр деп айта аламын. Әлеуметтік желіде де белсенділік байқалады. Өз таңдауын жасағандарын айтып, сурет жүктеп жатқан адамдар көп.