Жаңалықтар

Орыс депутаттарын сынаған Төреғалидің соңына полиция түсті

ашық дереккөзі

Орыс депутаттарын сынаған Төреғалидің соңына полиция түсті

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі Instagram-дағы жеке парақшасында «Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе, орыстан қашан бізге сый бөлінген?» деп Ресей думасы депутаттарының арандатуына қарсы өлеңмен жауап қайырған болатын. Сонымен қатар, әнші түлкіні желкесінен бүріп ұстап отырған фотосын да жариялаған еді. Осы фото әлеуметтік желіде екіұдай пікір тудырды. Желі қолданушыларының бірқатары Төреғалиді қолдап, оның батылдығына сүйсінсе, енді біразы «жануарды қорлағаны» үшін жауап беруі тиіс деген пікір білдірді. Алматы облысының полициясы да әншінің астарлы фотосы қандай жағдайда түсірілгеніне тексеру жүргізбек екенін мәлімдеді.  Яғни, Төреғалидің бұл әрекетіне құқықтық баға берілмекші. [caption id="attachment_135008" align="alignnone" width="1200"]