Төреғали Төреәлі: Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе, орыстан қашан бізге сый бөлінген?

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ресей Думасы депутаттарының елімізге қатысты арандатуына қарсы өлеңмен пікір білдірді. Әнші «Шулатпай шибөріні дұрыс болар, көкжалдай көк желкеден кейде бүрген» дей келе, түлкіні желкесінен бүріп ұстап отырған фотосын да жариялады.

Енші етіп, шұрайлы да күйлі өңірден,
Біз қазаққа жер бердік дейді елірген.
Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе
Орыстан қашан бізге сый бөлінген?

Жымысқы саясатпен алдап-арбап,
Айырған хандарымнан, билерімнен.
Тіс көрсетіп қояды ауық-ауық,
Әрекеті аумаған шибөріңнен.

Шулатпай шибөріні дұрыс болар,
Көкжалдай көк желкеден кейде бүрген.
Жалыққан жоқсыңдар ма көкжалдарым,
(Шакалдардың) алдында именуден?! – деп жазды Т.Төреғали.

Back to top button