Халықаралық арбитраж сотының судьясы қызметіндегі қазақ қызы: Қазіргі заңгерлер өздеріне не керек екенін білмей жүр

Жуырда отандасымыз Гүлнұр Нұркеева Қытайдағы халықара­лық арбитраж сотының судьясы болып тағайындалды. Соңғы он жылда Бейжіңде қыз­мет етіп жүрген Гүлнұр Қазақстанда да он жылдай жоғары лауазым атқарған, тіпті Салық кодексін құрастырушылардың қа­тарында болған мықты маман. Сыртта жүрсе де, Қазақстан студенттеріне және заң­герлеріне лекция оқып, мамандар даярлап жүрген Гүлнұрға хабарласып, әңгі­ме­лескен едік.

unnamed 10 1

– Гүлнұр, жаңа лауазымыңыз құт­ты болсын! Еңбек жолыңыз­ды шолып шықсам, елде жүр­ген­де бірқатар лауазымды қызмет ат­қарып, тіпті Қазақстан Салық ко­дексін құрастыруға атса­лы­сып­сыз. Ең қызығы, сізді адво­кат қызметін 19 жасыңыздан бас­тап атқарған деседі. Сонда сіз уни­верситетте оқи жүріп, ад­во­кат болғансыз ба?

– Иә, ол рас. Түсінікті болу үшін әң­­гімені әріден бастасам. Мен 1979 жы­лы Қарағанды қаласында дүниеге кел­дім. Әкемнің жұмыс бабымен сол ай­мақтағы түрлі елді мекенге көшіп, бір­неше мектепте оқыдым. Сосын Бал­қаштағы орта мектепті бітірген соң, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мем­лекеттік университетінің заң фа­культетіне оқуға түстім. Айта ке­терлік жайт, мектепті 15 жасымда аяқ­тадым, себебі әкемнің екі мәрте ин­фаркт алуына байланысты ем­ти­хандарды шұғыл түрде тапсыруыма тура келді. Жалпы, маған әкемнің ықпалы зор болды. Әкем КИМЭП-тің ал­­ғашқы түлектерінің бірі. Біле біл­сеңіз, КИМЭП бұрынырақта Жоғары партия мектебі деп аталған. Әкем сонда оқып жүрген кезде «Балқаш ет ком­бинатының үлгісінде кәсіп­орын­дарды жекешелендіру мәселелері» де­ген тақырыпта диссертация қор­ға­ған. Сөйтіп, ол сол уақытта Жез­қаз­ған облысы бойынша компанияны же­кешелендірген алғашқы адам бол­ды. Сосын олар ет комбинатында ке­рексіз қалған тері, сүйектерді сата бас­таған. Алайда Кеңес үкіметі құла­ғанда Қазақ КСР Қылмыстық кодексі өз­геріп үлгермеген соң, мұндай сау­да-саттық алыпсатарлық деп та­ны­лып, әкеме қатысты қылмыстық іс қоз­ғалды. Ал шындап келгенде ет ком­бинатының дамуына, сауда қа­тынасын күшейтуге үлес қосып жүр­ген адамға мұндай айып тағылмауы тиіс еді. Әкем өзін ақтап шығу үшін сот­тан-сотқа жүгіріп жүрді. Ол уа­қыт­та мен 14 жастамын. Онымен бір­ге сотқа мен де баратынмын. Кейін­нен әкем ақталып шығып, әлгі қылмыстық іс тоқтатылды. Дегенмен ол сол тағылған айыпты жүрегіне жа­қын қабылдап, ауырып қалды. Бұл соқ­қыны көтере алмады. Сөйтіп жүріп сал болып, ақырында төсек тар­тып жатып қалды. Ол кісі мен енді-енді еңбекке араласа бастағанда дүние салды. Қазір анам зейнетте, ағам екеуі Қазақстанда тұрады.

– Сонда заңгер мамандығын таң­дауыңызға әкеңізбен байла­нысты осы іс түрткі болды ма?

– Иә. Әкеме көмектескім келді. Ол кісінің шарқ ұрып, әділеттілік із­деп, жүгіріп жүргенін көріп, мін­дет­ті түрде заңгер боламын деп шеш­тім. Сосын 19 жасымда елордаға ке­ліп, Ақмола облыстық адвокаттар кол­легиясына жұмысқа тұрдым. Кол­легияға жұмысқа тұрған соң, бір­ден адвокат болып кете алмайсың, ал­дымен лицензия алуың керек. Сөй­тіп, түрлі емтихандар тапсырып, лицензия алып, адвокат атандым. Бас-аяғы бір жылдың ішінде 12 істі жеңіп шықтым.

unnamed 6 1

– Ал адвокат болып жүрген же­­ріңізден Қазақстанның ал­ғаш­­қы Салық кодексін құрас­тыру ісіне қалайша шақыртыл­дыңыз?

– Сол 12 істің бірінде Салық ко­ми­теті адвокаттар қосылған құн са­лығын төлеуі керек деп шешіп, біз­бен соттасқан болатын. Сол сотта ад­­­­вокаттарды жақтап, істі жеңіп шық­қан мені көрген комитет өкіл­дері «Жас болсаң да, мықты маман екен­сің. Бізге жұмысқа келсең қай­те­ді?» деп мені Мемлекеттік кіріс ми­нистрлігіне жұмысқа шақырды. Со­сын Салық кодексін құрастыруға жауап­ты жұмыс тобының қатарында бол­дым. Онда істеген екі жылдың ішін­де бөлім бастығы лауазымына дейін көтерілдім. Сол кезде әкем қат­ты ауырып қалды. Жағдайды бағам­дап қарап мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтынымды түсін­дім, себебі жұмыс қызықты бол­ға­ны­мен, жалақым аз болды. Сосын мені «Қаз­ТрансОйлға» Ішкі аудит де­пар­та­ментіне бас менеджер қызметіне ша­қырды. Одан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрылып, соның ен­шілес компаниясы – Қазақстандық ке­лісімшарт агенттігіне  депар­та­мент директоры қызметіне тағайын­дал­дым. Сосын 2006 жылы «Сам­ұрық» қоры ашылып, оның еншілес компаниясы – «Тау-кен Самұрыққа» де­партамент директоры болып ауыстым. Осы қызметте жүргенде күйеуім Қытайға баруы керек болды. Сол уақытта елде менің де карьерам алға өрлеп тұрған болатын. Сол се­бепті Қытайға барғым келмей, не іс­терімді білмей жүрдім. Оның үс­тіне, тура сол кезде басшылық «Бас­қар­ма төрағасының орынбасары етіп тағайындаймыз. Қытайға бар­май-ақ қой» деп ұсыныс айтты. Бірақ анам­нан үлгі алып, ол кісінің айтқа­ны­на құлақ астым. Жалпы, анам бү­кіл ғұмырын әкеме сарп еткен жан. Жоғарыда айтып өткенімдей, әкем­нің партиядағы жұмысымен әр үш жыл сайын көшіп жүретінбіз. Әкем қайда барса, анам да сонда барды. Сөйтіп, бір жанұяда екі адам бас бола алмайды дегенді алға тартып, күйеуім­нің соңынан еріп, осында кел­дім.

56286729 2786737378019459 3909574168223416320 n

– Жолдасыңыз Қытай қазағы емес пе? Ол кісімен қалай таныс­тыңыз?

– Жоқ, Қазақстанның тумасы. Ке­зінде әкесі ауырып, оған Қытайда ота жасату керек болғандықтан, ол кі­сіге қарайласу үшін келген. Осы жақ­та университет бітірген, сосын елге келіп жұмыс істеген. Екеуіміз «Қаз­­Трансойлда» жұмыс істеп жүр­ген­де таныстық. Ол – «ҚазМұнайгаз» компаниясының Қытайдағы өкілі. Қытай тілін жетік білетіндіктен, оны басшылығы осында жұмысқа жі­берді.

– Қазақстанда карьерасы өр­леп тұрған сізге Қытайда барлы­ғын басынан бастау қиын болған шығар…

– Әлбетте, қиын болды. Десек те мен онда барып, қол қусырып отыр­­ма­дым. Іздендім, оқыдым, тал­пын­дым. «Болашақ» бағдарламасы бойын­ша Бейжің университетінің магистратура бөліміне оқуға түстім. Со­сын бағдарлама ережесіне сәйкес, елге келіп бес жыл жұмыс істедім. Дәл сол сәт маған қиынға соқты. Се­бебі ұлым күйеуіммен бірге Қы­тайда қалды, ал қызым өзіммен бірге Қа­зақ­станда болды. Елге келгенде «Тау-кен Самұрықтағы» жұмысыма қайта орналасып, онда үш жыл еңбек еттім. Сосын GRATA International заң фир­масында Қытаймен байланысты де­партаменттің бастығы болып жұмыс іс­тедім. Бес жылдан соң Қытайға ора­лып, онда GRATA International-дың кеңсесін аштым. Сөйтіп, 2014 жыл­дан бері аталған фирманың же­текшісі қызметін атқарып келе­мін. Жалпы, GRATA International – посткеңестік елдер мен Шығыс Еу­ропа бойынша сот ісін жүргізуде көшбасшылардың басын біріктіретін халықаралық компания. Бүгінде GRATA International-дың 18 мемле­кет­те орналасқан кеңселерінде 250 адам жұмыс істейді. Қазақстандағы кеңседе 75 адам, ал мен отырған Қы­тайдағы кеңседе 5 адам жұмыс іс­тейді. Бүгінде фирма ҚХР Ұлттық ком­панияларының ішінде танымал компанияға айналды. Жыл сайын China Business Law Award номина­ция­сын иеленеді. Міндетімізді нақ­тырақ түсіндіретін болсам, қытай­лық­тардың осы 18 мемлекетке сал­ған инвестициясына заң жағынан қол­дау көрсетеміз. Сосын сол мем­лекеттердің өкілдері Қытайдан бір нәрсе сатып алуды құп көрсе, оларға заңгерлік қызметтер көрсетеміз. Осы ретте айта кетейін, көпшілік Қытай инвестор­ларын онша жақсы көр­мейді. Деген­мен олар кейбір салада үздіктердің үздігі саналады. Мысалы, әлем бойын­ша цемент зауытын жасап шы­ғаруда оларға тең келер ешкім жоқ. Осылайша, трансұлттық келі­сім­шарттарды жүргізумен айн­а­лысамыз. Одан бөлек, докторантура бөлімінің студентімін (күліп). Бірде конференцияда баяндама оқы­ға­нымда, қасыма қытайлық бір про­фес­сор келіп «Сіздің айтқаныңыз маған ұнады. Бізге докторантураға тү­сіп, диссертация жазуға қалай қа­рай­сыз?» деп ұсыныс білдірді. Бас­тап­қыда жұмысымның көптігінен бас тартқанмын. Бірақ олар табан­ды­лық танытып, грант ұсынып, ақы­рын­да райымнан қайтарды. Сөйтіп, қа­зіргі таңда Қытай саясат және құ­қық мектебінде докторантурада оқып жатқан жайым бар. Бұйырса, бұл оқуды 2021 жылы бітіремін.

– Ендігі кезекте халықаралық ар­битраж сотын әңгіме қылсақ. Қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбатыңызда атал­­ған соттың судьясы болып та­ғайындалуыңыз сіз үшін то­сын­сый болғанын айттыңыз. Сон­да сіз іріктеуден өту үшін құ­­жаттар өткізбейсіз бе? Жалпы, заң­гер халықаралық арбитраж сотының судьясы болуы үшін не істеуі керек?

– Арбитраж туралы заңға сәйкес, тө­релік комиссиясына тек ҚХР аза­маттары мүше бола алады, алайда шет­елдік элементі бар істерді қарас­тыру үшін Халықаралық сауда пала­та­сы төрелік комиссиясын құрады. Аталған комиссия арбитраж мүшесі ретінде шетел азаматтарын жұмысқа ала алады. Сөйтіп, Халықаралық сау­да палатасы құқық, экономика сала­сын­да кәсіби білімі бар шетелдік кан­дидаттарды қарастырады. Қазіргі таңда «Бір белдеу – бір жол» жобасын іск­е асыруға байланысты арбитраж со­тына жүгінушілердің қатары кө­бей­ді. Аталған бастаманың Қазақ­стан­ға экономикалық ықпалы зор, мені сол себептен де таңдаған болуы ке­рек деп ойлаймын. Негізі, бастап­қыда мұндай лауазымға Қазақстан азаматын сайлайды деп ойламадым. Себебі мұнда Ұлыбритания секілді да­мыған елдің заң жүйесінің тәжіри­бесіне сүйену мақсатында сол елдер­дің азаматтарына жүгінетін. Әдеп­кіде «Қазақстанда біз білмейтіндей не бар?» дегендей сыңай танытып, жұ­мысқа да алмайтын. Қытайға ең ал­ғаш келіп, жұмыс іздеп жүргенімде күйеуім «Сен – магистрсің, депар­та­мент директоры болдың, 10 жыл квазисекторда тынбай еңбек еттің. Жаңа жұмысқа қалайша тағылым­дамадан өтуші болып бармақшы­сың?» деп күлетін. Сол кезде қанша іздесем де, жұмыс таба алмай, біраз сандалған едім. Жалпы, шетелдік заңгерлік компанияда жұмыс іс­тейтін заңгерлер жылына бір рет аталған комиссияға ену үшін құжат тапсыра алады. Біраз уақыт бұрын бір таныс заңгер «Арбитраж соты қазір судьялар қарастырып жатыр. Ұсынатын адамдарың бар ма?» деп сұраған болатын. Сол кезде мен бізді қайтсін деп, шетелдік танымал заң­герлерді ұсынғанмын, алайда барлық кезеңнен өтсе де, оларды жұмысқа алмай қойды. Сосын осы жолы нар тәуекел деп өз құжаттарымды жібер­дім. Көп ұзамай Халықаралық пала­таның мені арбитраж сотының м­ү­ше­лігіне ұсынғаны туралы хат келді. Негізі, мен елдегі «Астана» халықара­лық қаржы орталығының Арбитраж сотына кандидатурамды ұсынған едім, алайда олардан ешқандай жауап келмеді. Сол себепті Қазақстан емес, Қытай арбитраж сотының мені судья ретінде қабылдағаны күтпеген тосынсый болды.

unnamed 7 1

– Заңгер мамандығының қыр-сырын онша біле бермейтін біз секілді жандарға түсіндіре кет­­сеңіз. Арбитраж соттың Үкі­мет сотынан айырмашылығы не­де?

– Ең үлкен айырмашылығы мы­нада: Үкімет сотында сізге кім төре­лік ететінін сот шешеді. Ал арбитраж сотында үш төреші болады, оның екеуін өзара дауласуға келген екі та­рап таңдайды,  екі жақтан таңдал­ған сол екі төреші өздеріне төрелік ете­тін басты төрағаны таңдайды. Мы­салы, екеуі «Бұл процесті қарас­тыруда Гүлнұрдың тәжірибесі мол, сол себепті ол бізге төраға болсын» дегендей ақылдасады. Сосын үшеуі бірлесіп шешеді. Айта кетерлік жайт, арбитраж соты отбасылық-некелік, әкімшілік-қылмыстық істерді ғана қарамайды, қалған істің барлығына төрелік жасайды. Тағы бір айта ке­терлігі, үкімет сотында сот үкімін база­дан кіріп көруге болады. Ал бізде бар­лығы қатаң құпия түрде сақта­лады. Сол себепті сіз «арбитраж соты былай өтті» дегенді жиі естімейсіз. Сосын үкімет соты ұзаққа созылады, тараптар келіспей, инстанциядан- инстанцияға жүгіріп, көп уақыт жү­ріп алады. Ал бізде олай емес. Жалпы, ар­битраж сотына төрелік ететін судья­ның қаламақысы анау айтқан­дай көп емес. Мен бұл қызметке қарағанда фирмадағы жұмыстан көп ақша табамын. Мысалы, халық­ара­лық заңгердің бір сағаты – 300-400 АҚШ доллары. Ал егер бір жобамен он сағаттай айналыссам, 4 000 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат тө­ленеді. Сол себепті сот істерін қарас­тырғаннан гөрі, жобалардан көп пайда табамын. Алайда маған бұл жұмыс қызықты. Сол себепті бұған төрелік етуге дайынмын, көп уа­қытымды арнауға бармын.

– Суреттеріңізден байқаға­ным­дай, қазақстандық сту­дент­терге қашықтан лекция оқиды екен­сіз. Суреттегі өзіңіз оқыған Қа­рағанды мемлекеттік универ­ситетінің студенттері ме, әлде?

– Иә, өзім түлеп ұшқан уни­вер­ситет әкімшілігі теорияға негіздел­мей, «тірі» кейстерге сүйене отырып, сту­денттерге лекция оқу туралы ұсы­ныс білдірді. Қарағанды мемле­кеттік университетінің студент­те­рінен бөлек, Заңгерлік консультант­тар палатасында қазақстандық заң­герлерге тегін дәріс беремін. Мұнда мен оларды халықаралық келісім­шарттар бойынша жұмыс істеудің қыр-сырын үйретемін. Сонымен қатар Қазақстан елшілерімен бірге Орталық Азия елдеріне жиі іссапарға шығып, онда Қазақстанның инвес­тициялық тартымдылығы туралы сөз етемін. Сол себепті елден жырақ жүрсем де, елдің өркендеуіне, ондағы мамандардың дамуына бір кісідей атсалысып жүрмін.

– Соңғы уақытта заңгер ма­ман­дығының мәртебесі төмен­деп кеткендей. Көпшілік орта­­да «Екінің бірі заңгер. Не көп, заң­гер көп. Бірақ жұмысы жоқ» дегендей пікірді жиі ести­мін. Заңгер деген дипломы бар, бірақ мұны дұрыс қолдана білмей жүргендерге қандай ақыл айта аласыз?

– Мен де соңғы уақытта жастарға не болғанын түсінбей дал боламын. Компанияда көп қазақ жастарын тағылымдамадан өткіземін. Олармен сұхбаттасқан соң, «Неге бұлай болды екен? Неліктен адамдарда жұмыс істеу құлшынысы аз?» деп таңғала­мын. Алысқа ұзамай-ақ, өз тәжірибе­ме сүйенсем. Мысалы, министрлікте жұмыс істеп жүргенімде алатын жа­ла­қым 70 доллар болды, ал пәтерге 100 доллар төлеуім керек. Жалақым аз болса да, тынбай жұмыс істеп, таң­нан кешке дейін кеңседен-кең­сеге жүгіріп жүретінмін. Мысалы, Салық кодексін жасап жатқанда менде тіпті тамақ ішуге уақыт болған жоқ. Оның үстіне, кодекс жаңа бол­ған соң, оған орайластырып, заңдар­ды қайта өзгерту үшін тынбай жұ­мыс істейтінбіз. Сөйтіп жүргенде ас­қа­занымда гастрит пайда болыпты. Ол уақытта жұмыспен жүгіріп жүріп тамақты аз ішесің, тіпті көптеп та­мақ­танғың келсе де, қалтаңда қыруар ақша да жоқ. Сөйтіп, ауырып ауру­хана түстім. Дәрігерлер бастап­қыда жұқпалы ауру түрі екен деп ойлап, мені арнайы боксқа жатқыз­ды. Кейіннен гастрит екені белгілі болған соң да бокстан шығармай, екі аптаға жатқызып қойды. Ал бізде келесі күні парламентте тыңдалым болмақ. Жұмыста кодекс құрастыру ісінің басы-қасында жүрген жалғыз менмін. Бір жағынан бастығым хабарласып, ренішін білдіріп жатса, екінші жағынан әріптестерім тере­земнің астына келіп: «Бастық «Неге бұл істі Гүлнұрдан басқа ешкім біл­мей­ді?» деп ренжіп жатыр. Қайтесің?» деп жұмысқа келуімді өтініп тұр. Жан-жағың қирап, барлығы күйіп-пі­сіп жатқанда «Жоқ, болмайды, мен ауырып жатырмын» деп емін-еркін жата алмайсың ғой. Сөйтіп, ауру­ха­на­ның екінші қабатындағы терезе­сі­нен қасында тұрған гаражға секіріп, бір­ден жұмысқа қарай қашып кет­кенмін (күліп). Осылайша, жұмыс де­се ішкен асымды жерге қойып, ең­бек етуге деген құлшынысым асып-тасып тұрды. Ал мен бұдан жа­ман болдым ба? Жоқ. Өз жұмысыңды жақ­сы көрсең,  міндетті түрде жемісін көресің. Сол уақытта «Жап-жас қыз бола тұра, осындай қызмет атқарады. Мұны жоғары жақта кө­термелеп отырған біреуі бары анық» дегенді жиі еститінмін. Жалпы, елде қызметте жүргенде естімегенді ес­ті­дім. Алайда басшылық жақта еш­қан­дай аға-көкемнің жоқтығын білмейтін олар мұның басты құпия­сы өз ісіме адал болғаным туралы тіпті де ойланбайтын. Мысалы, қазір заңгерлерге көрсеткен қызметі үшін ақша төлеймін. Берілген тапсырманы орындамаса «Неге бұлай болды?» деп сұрасам, өзгені кінәлап, мың сылтау айтады. Ал біз кезінде бастыққа «Мен мұны істей алмаймын» немесе «Ке­шіріңіз, бұған уақытым жоқ» деп тіпті де айта алмайтынбыз. Бастық «Істе!» деді ме, бітті, өлсең де істеуің керек. Ал қазіргі жастар олай емес, өз қызығушылығы мен талап-тілегін жо­ғары қояды. Сосын оларды жұ­мыс­қа тұрар кезде бір ғана сұрақ ма­залайды: «Сіз маған қанша төлей­сіз?». Ал олар «мен жаңа жұмыс ор­ны­ма не бере аламын?» деп еш ой­ланбайды. Олар «Маған 700 000 тең­ге жалақы керек» деп мәселені тө­тесінен қояды. «Жақсы, ал сен не бі­лесің?» деп сұрасам, қытай, ағыл­шын тілдерін білетінін айтады. «Ал сөйле!» десем, «Менің есімім …» деп ба­залық деңгейде әңгімелеседі. Бай­қағаным, қазіргі заңгерлер өздеріне не керек екенін білмейді. Қазіргінің жастары өз заманынан көш ілгері ойлайтын болғаны дұрыс деп ай­тады. Креативті қабілетті керек ете­тін сала мамандарына бұл керек нәр­се шығар. Ал заңгер мамандығын игерген адам аспанда қалықтамай, өз ісіне мұқият, жинақы болуы керек. Жалпы, заңгерлер жұмысқа деген қа­тынасын, көзқарасын өзгертіп, клиентке бағдарланған маман болуы тиіс. Сосын заңгерлердің арасында «са­рафан радио» деген түсінік бар. Мысалы, жоғарыда 19 жасымда бір істі жеңіп алғанымды сөз еттік. Сол істе мені байқаған бір клиент екін­шісіне айтады, ол үшінші танысына ұсынады. Сөйтіп, мықты репутация қалыптастырып, сұраныс арттырып алуға болады. Десек те, менің жетек­шілігімде жұмыс істеген қазақ жас­тарының барлығы көңілімнен шық­пады деп айта алмаймын. Арасында көз­ге түсіп, талпынып жүрген жастар баршылық. Мысалы, менде жұмыс істеген бір бала Америкаға барып тә­жірибе жинап, сосын Астанадағы ха­лықаралық қаржы орталығына бі­лікті маман болып оралды.

 

Әңгімелескен

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз өнерінің ең нәзік, ең күрделі саласы әдеби сын бойынша қалам тербеп келе...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...
50e767b9 a96f 4a9a b94f 445c751591b4

Алматыда троллейбус өртенді

Алматыда троллейбустан өрт шықты. Жанып жатқан жолаушылар көлігінің видеосын оқиға куәгерлері әлеуметтік...
c0608d3f 8854 4109 bef2 de452723d4ee

Дәулет Тұрлыханов қызметіне қайта сайланды

Әйгілі қазақстандық балуан, спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне...
c6ef6e77 f488 4fb1 b696 520aaa4da48c

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 2016 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар...

Жаңалықтар

Алматыда троллейбус өртенді

Алматыда троллейбустан өрт шықты. Жанып жатқан жолаушылар көлігінің видеосын оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге жүктеуде. «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің мәліметінше, оқиға 12 сәуір күні Тимирязев пен Әуезов көшелерінің...

Дәулет Тұрлыханов қызметіне қайта сайланды

Әйгілі қазақстандық балуан, спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды. 12 сәуірде Алматыда өткен Азия күрес кеңесінің Бас ассамблеясында оның қазіргі...

Денсаулығына байланысты өтініш білдірген тұрғынға көмек көрсетілді

"Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалына Бадам ауылының тұрғыны Батырбек Мүсілімбек денсаулығына байланысты өтініш білдірді. Жергілікті ауруханада пациент қарау шаралары, құжаттарды рәсімдеу, порталды ұзақ...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 2016 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 337, Алматы қаласы - 598, Шымкент қаласы -...

Бес өңірде өзендер арнасынан тасуы мүмкін – Қазгидромет

12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзендердің суы арнасынан көтерілуі мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. «12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды...

13 сәуір: ел тарихында таңбаланған атаулы күндер

1944 жылы 13 сәуірде тәуелсіз Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының негізі – Қазақ КСР Сыртқы істер Халық комиссариаты құрылды. 2010 жылы 13 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, – деп хабарлады Ақорда. «Қадірлі отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл –...

Вакцинация: Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, «ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі...

Қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Орталық Азия мүфтилері кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене...

Еліміздің әр аймағының Ораза кестесі

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы биылғы Ораза кестесін жариялады. Назарларыңызға 2021 жылғы Қазақстан елдімекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз. Еске сала кетейік, биыл Рамазан...

Айта алмағанымды жазып шықтым. Жұлдыз Әбдікәрімова «Сезін» атты кітабының тұсаукесері өтетінін айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан бірнеше ай бұрын оқырмандарымен ақылдаса отырып, алдағы шығатын кітабының атауын "Сезін" деп қойған болатын. "Мен бұл оқиғаны ешқашан айтпаймын, айта да алмаймын...

Өскеменде шыны жууға арналған сұйықтықтан улы зат табылды

Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы қала дүкендерінің бірі құрамында улы зат - метанол бар шыны жуатын сұйықтықтың жалған өнімін лицензиясыз сатқанын мәлімдеді, деп...

Үздік 50 ғылыми қызметкерге 5 миллион теңге сыйақы тағайындалмақ

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Мұндағы механизм «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас болады. Бұл «Ғылым туралы» Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес...

Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz. Ербол Қарашөкеев еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер...

Өрттен зардап шеккен азаматқа көмек көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалына өрттен зардап шеккен Еркін ауылының тұрғыны көмек сұрап жүгінді. Мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші...

Нұр-Сұлтандық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті

Нұр-Сұлтан қаласының 16 жастағы оқушысы Ерасыл Тәуекел NASA-да тағылымдамадан өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 10-сынып оқушысы. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеумен айналысып жүр, өзі...

Рахым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшылығына тағайындалды

Рақым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге...

Мемлекет басшысы ғылым саласындағы қызметкерлерді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. "Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған...

Елімізде бір жыл ішінде кедей адамдардың үлесі 20%-ға артқан

Елімізде азық-түлік себетіне қаражаты жетпейтін отбасылар саны 50%-ға өсіп, 28 мың адамға жеткен. Соған қарамастан байлардың саны да артқан. Еліміз ауқаттылардың санының өсуі бойынша...

11 адам қамауға алынды: Киік мүйізін сатқандар ұсталып жатыр

Қазақстанның үш өңірінде киік мүйізін саудалаған браконьерлер мен алыпсатарлар ұсталды. Ауқымды шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тексеріс жүргізіліп, заң бұзған 11...

Алматылық әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті

Алматылық әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақпарат Facebook-те тарады. Олар 9 сәуір күні 15:00-де азық-түлік алу үшін үйден шығып,...

Батыста баспана сатып алғандар көбейген

Елімізде наурыз айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 673 келісім жасалған екен. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 28,2 пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының...

Филипп ханзадаға ескерткіш қойылмақ

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жары ханзада Филиппке Лондон қаласының Мэлл көшесінде ескерткіш қойылады. Алдын ала келтірілген деректер бойынша, ескерткіш үшін жұмсалатын шығынның бір бөлігі қайырымдылық...

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы қамауға алынды

Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. 63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен...

Бұршақ аралас жаңбыр: 13 сәуірдегі ауа райына болжам

Синоптиктер 13 сәуірдегі ауа райына болжам ұсынды. Еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын...

ІІМ заңсыз сақталған қару-жарақтарды ақшалай сыйақыға қабылдауды бастады

Қазақстандықтар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш затты ақшалай сыйақыға тапсыра алады. ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, қарудың әр данасы...

Отандық ғалымдар вирусқа қарсы қорғаныс экранын жасады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінің жас мамандары Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бірге бетке арналған ALFASHIELD қорғаныс экранын әзірлеп шығарды. Пандемия басталған кезде көптеген...

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз өнерінің ең нәзік, ең күрделі саласы әдеби сын бойынша қалам тербеп келе...

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Ростислав Анатольевич Коняшкин тағайындалды. Ростислав Коняшкин 1989 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. М.В....

Карантин: Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай айтты. «Алғашқы тарауық намазы бүгін оқылады....

Былтыр басы дауға қалған полицей жаңа басшылық қызметке тағайындалды

2020 жылы басы дауға қалып, қызметінен босатылған Алматы криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл ақпаратты Алматы...

Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың коронавирус жұқтырғандардың саны күннен-күнге көбеймесе, азаймай отырғанын айтты.  Қазақстан 12 күннен бері «қызыл» аймақта, оның ішінде 8 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы...

Үкімет басшысы 2 облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс берді

Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жетекшілік ететін экономика салаларында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыс жалғасын табуы керегін айтты. «Биылғы жылғы қаңтар-наурыз қорытындылары...

«Nur Otan» партиясы вакциналарды аймақтарға бөлу мәселесін бақылауына алады

Тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе салу және вакциналарды аймақтарға бөлу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынады. Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдастырушылық отырысында белгілі болды....

Жұмыс орнында ішімдік ішкен судьялар қызметінен босады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айрықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, судьялардың әлеуметтік жағдайы жақсарса да, жемқорлық дерегі азаймай отыр. Бұл туралы zakon.kz жазды. Биыл...

Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілгенін айтты. «1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген...

Солтүстік Корея Токио Олимпиадасына қатыса ма?

Солтүстік Кореяелі бұған дейін 2 рет Олимпиада ойындарына бойкот жариялаған. 1984 жылы Лос-Анжелесте өткен Олимпиадаға Кеңес одағының талабы бойынша қатысудан баст тартқан. Ауғанстанға Кеңес...

Ғарышқа ұшқан мұсылмандар

Сұлтан бин Салман бин Абдулазиз әл–Сауд 1956 жылы 27 маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында дүниеге келді. Ол Сауд Арабиясы Корольдік Әуе күштерінің ұшқыш-полковнигі болған. 1985 жылы «Дискаверидің» СТС-51Г миссиясын орындау...

Өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398 Алматы қаласы - 610 Шымкент қаласы - 53 ...

Елорда әкімдігі бірқатар құрылыс компаниясының жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мобильдік топтары күн сайын құрылыс компанияларының балшықты, топырақты, құрылыс қоқысын және т.б. шығаруын бақылау бойынша жұмыс жүргізуде. Мобильді топтардың құрамына Қалалық орта сапасы...

Биыл докторантураға түсу ережелері өзгерді – БҒМ

Білім және ғылым министрлігі Telegram каналында биылдан бастап докторантураға қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетінін хабарлады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады, докторантурада оқуға дайындығын растау...

12 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1961 жылы 12 сәуірде ұшқыш-ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток-1» ғарыш аппаратымен әуеге көтерілді. Қызылорда облысы аумағындағы №5 полигоннан күндізгі сағат...

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

12 сәуір республиканың басым бөлігіне жоғарғы қысым аумағы ықпал етуіне байланысты, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей...

Араб әйелі ғарышқа аттанады

Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум ғарышқа аттанатын алғашқы араб әйелінің есімін атады. Ол Нура Әл-Матруши. Бұл туралы baq.kz мәлімдеді. Нура Әл-Матруши...

Марста кемпірқосақ пайда болды

Марста түсірілген фотода ғажайып табиғи құбылыс байқалды. Америкалық Perseverance аппаратына түскен фотода кемпірқосаққа ұқсас белгі көрінеді. Аталған қызықты сурет ғарышқа қызығушыларды толғандырып қойды. Оларды жаңбыр...

Білім және ғылым министрлігі докторантураға түсу ережелері өзгергенін хабарлады

ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл докторантураға түсу ережелеріне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Докторантура бөліміне қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетін болады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады,...

Еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын ұтып алды

Алматыда күрес түрлерінен өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық Юсуп Батырмұрзаев алтын жүлдені иеленіп, сонымен қатар олимпиада жолдамасын жеңіп алды. 125 келіге...

Бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп кетті

Францияда аяз салдарынан бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп қалды. Француз шарапшылары аязды түндер елдің ең танымал және беделді шарап аймақтарында егіннің едәуір бөлігіне қауіп төндіріп тұрғанын...

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Із-түссіз жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов тікұшақпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "10 сәуір күні сағат 3:00-де Нұра ауданында адам жоғалғаны туралы хабарлама келіп...

Иманбектің шетел жұлдыздарымен бірлесіп жазған жаңа әні шықты

"Грэмми" сыйлығының лауреаты диджей Иманбек Зейкенов жанкүйерлеріне Шон Пол (Sean Paul) және София Рейеспен бірлесе жазған жаңа туындыны ұсынды. Ол  жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында...

Clubhouse-тың 1,3 миллион пайдаланушысының деректері ашық дереккөздерде тарап кетті

Clubhouse әлеуметтік желісінің 1,3 миллион пайдаланушысының жеке деректері тарап кетті, деп хабарлайды Cybernews бейінді порталы. Бұған дейін Facebook-тің 533 миллион пайдаланушысының жеке деректері мен телефондары...

Солтүстік Кореяда қашықтан оқытуды дұрыс ұйымдастыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі қашықтан оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша комиссия төрағасын органның жұмысын дұрыс атқармағаны үшін өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды РИА Новости.  Daily...

Елімізде өткен тәулікте 2842 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 2842 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 591, Алматы қаласы - 709, Шымкент қаласы - 88, Ақмола облысы - 103, Ақтөбе...

Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен «Керуен-сарай» ашылды

Түркістанда Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалды "Керуен-сарай" туристік кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі. Инвестициялық жобаны "Turkistan Tourism City" компаниясы іске асырды....

Швейцариядағы турнирде қазақстандық тенисші чемпион атанды

Қазақстандық тенисші Анна Данилина грузиялық Екатерина Горгодземен бірге жұптық сында Швейцариядағы W60 BELLINZONA ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстандық-грузиялық жұп жүлде...

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығына байланысты халықаралық турнирден шығып қалды

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернет байланысындағы ақауларға байланысты Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды. Бұл туралы шахматшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығына байланысты...

ШҚО-дағы 12 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр

Шығыс Қазақстанның Новопокровка ауылында 10 тұрғын үйдің ауласын су басып, 36 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір аумақта 40-қа жуық құтқарушы мен семейлік әскери...

293 дана киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. «Биыл 9 сәуірде киік мүйізінің...

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай түрде сөз саптайсың ғой. Бірақ партия лидері бола тұра және бір елдің...

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы бейнесін сомдаған қазақтың даңқты әншісі Күләш Байсейітова есімізге түседі. Ал Ақжүніс образын...

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды. Көп балалы отбасы көшеде қалғалы тұр. Астана тұрғыны бұл шешіммен келіспейді,...

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24". Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников...

Еліміздегі 10 миллион гектар орман алқабы жайылымға берілмек

Елде орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға беріледі. Бұл мәселе бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды. Жиын...

Журналистиканың ардагері Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойы аталып өтті

Оңтүстік өңірдің ардақты журналисі Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойын атап өту шаралалары Түркістанда бастау алды. Атап айтқанда, Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек...

Көктемде иммунитетті жақсартатын 5 дәрумен

Гиповитаминоз - адам ағзасына дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Көбінесе гиповитаминоз қыста және көктемнің басында, жаңа піскен көкөністерді, жемістерді тұтынбағаннан, күн сәулесінен келетін дәрумендер азайған кезде...

ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар...

Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбур герцогі Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды akorda.kz Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II...

Ingenuity тікұшағы 11 сәуір күні Марста алғашқы рейсін жасайды

Ingenuity тікұшағы 11 сәуірде Марста алғашқы рейс жасайды. Бұл туралы ToDay News Ufa РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. Бастапқыда ұшу 8 сәуірге жоспарланған болатын, ұшу...

Қабдеш Жұмаділовтің телеарнаға берген соңғы сұхбаты (видео)

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады. Жазушының...

«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасына Түркия қолдау көрсетеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған "Ясауи ізімен" ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналады. Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы...

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Ірі көлемде пара алып жатып ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді. 2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас...

Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады: кинотеатр, боулинг,...

Елімізде өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 548, Алматы қаласы - 715, Шымкент қаласы - 85, Ақмола облысы - 99, Ақтөбе...

Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері вакциналарды араластырып салдырмауға кеңес берді. Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Себебі министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші...

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

Apple-дің жаңа смартфонында деректерді қорғайтын екі сенсор — Face ID және Touch ID болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында белгілі инсайдер Макгуайр Вуд мәлімдеді,...

Президент: Сапасыз жолдарды жөндеуге мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға берді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.  «Еліміздегі республикалық және жергілікті...

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

Колумбияның Тунха қаласында тұратын 104 жастағы Кармен Эрнандес коронавирусты екінші рет жеңді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.media хабарлады.  Алғашында кейуана коронавирустан 2020 жылдың...

Букингем сарайы: Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болды

Британдық герцог Эдинбург ханзадасы Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы ресми түрде мәлімдеді. Ол патшайым Елизаветамен 74 жыл отасқан. Олардың төрт баласы...

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Ел тұрғындарына салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра ала ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық...

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Медеу және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті....

Солтүстік Корея «Қиын жорық» жолына түседі — Ким Чен Ын

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының барлық деңгейдегі ұйымдары "Қиын жорық" жолына түсетінін мәлімдеді. Бұл саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге үстемақы қосылатыны рас па — министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық зейнеткерлер мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы алатыны туралы жалған хабарлама таратуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жапония билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесін пысықтап жатыр.  Daily Mail басылымының хабарлауынша, жапон үкіметі жұмыс уақытының қысқаруы...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Алматыда жылжымалы вакцина салу пунктері ашылады

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты. «Медициналық мекемелер мен емханалардан...

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

АҚШ президенті Джо Байден елдің әскери бюджетін қысқартпақ. Бұл салаға бағытталатын қаржы көлемі елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың  бөлгісі келген сомадан 7 млрд долларға...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туындысы − ақпараттық технологияның дамуы ғылым-білім...

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Мемлекет басшысының «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру аясында 14 кеңес құрылды. Әрине, барлығының өзін­­дік орны мен мақсаты, бағыт ба­ғ­да­ры алабөтен, бірақ...

Соңғы көш Кеңсайдан емес, кең даладан дамыл тапты…

Бұдан бұрынғы жылдары өмілдірік құйысқаны күнмен көмкеріліп кісінеп ерте жететін кербесті көктемнің биылғы келісі кештеу болды. Көкек шақырып үлгермей, Арқаның ақ түтек ақпа бораны...

Атырауда бала ұрған тәрбиеші 4 жылға сотталды

Атыраудағы №2 қалалық сот сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 "Алтын балық" мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Педагог...

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

«Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғы­лымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі құрылғаны баршамызға белгілі. Еліміздің дамуының негізгі бағыттарын қамтитын дәл осындай 14 Қоғам­дық кеңес...

Америкалық отбасы Моңғолияда қазақ тілін үйретіп жүр

АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасы­мен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа...

СҚО «сары» аймақта: Өңірде карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті. Осыған орай бүгін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланады. СҚО санитаириялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше,...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1993 жылғы 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 1996 жылғы 10 сәуірде Ресей Федерация­сын­да Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті. 1999...

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында энциклопедия тұсаукесері өтті

8 сәуір күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» басылымының тұсаукесері болып өтті. Руханият қоржынымыз тағы...

Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан...

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап...