Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда халық саны 18 833,1 мың адамға жетті. 2020 жылғы 1 қарашада елімізде халық саны 18 833,1 мың болды. «Оның ішінде қалалықтар – 11 109,8 мың (59%), ауылдықтар – 7 723,3 мың адам (41%). Ерлердің саны 9 136,8 мыңға жетсе, әйел саны көбірек – 9 696,3 мың», – делінген таратылған ақпаратта. Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мыңға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылып отырған кезеңде ең үлкен өсім еліміздің 3 өңірінде тіркелді. Олар – Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент қалалары (36,4 мың адам).
Жүктелуде...