Жаңалықтар

Сайлауалды бағдарламамен танысты

ашық дереккөзі

Сайлауалды бағдарламамен танысты

«Nur Otan» – еліміздің ең ірі, жетекші саяси партиясы. 1999 жылы негізі қаланған партияның қатарына миллиондаған қазақстандық қосылып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы болып отыр. Әрдайым халықтың пікіріне сүйеніп, мүддесі мен қажеттілігін біліп отыруды алдыңғы орынға қояды. Партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жолында жасаған жұмыстарында шек жоқ деуге болады. Партияның қызметі өткенмен тоқтамақ емес, алға жылжып, жақсару, кемелдену бағытында дамымақ. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдың әл-ауқатын көтеру, медицинаға қолдау, дәрігерлердің жалақысын көтеру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең мүмкіндік, қарттарға қамқорлық, сапалы білім, заң, кәсіпкерлік, жалпы барлық салада прогресс жасауға мүдделі. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Nur Otan»-ның халықпен бірге еңсерген жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде облыстық сайлауалды штабтың басшысы Елубай Әбілов «Қазақтеңізфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлерімен өткен кездесуде айтып кетті. Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Қалым Бисенов пен Ахмет Салманов та сөз алып, әрбір ел азаматының саяси белсенді болуы мемлекеттің болашағы үшін маңызды екенін жеткізді. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Департамент директоры Қуаныш Есетов мекемеде 250-ге жуық адам қызмет ететінін айтып, әрбір азамат азаматтық позициясын жеткізуі әрі барлығы партияның жоспарлы жұмысымен танысуы үшін алдағы уақытта онлайн кездесулер өткізу ұсынысын білдірді. Себебі көп қызметкерлер Құрық, Баутиндегі жұмыс орындарында және қашықтан жұмыс жасауда. Дәл осындай шара түске қарай «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ ҰК мәжіліс залында жалғасын тапты. Компания қызметкерлеріне үгіт-насихаттық парақшалар таратылып, партияны қолдауға шақырды. Мұнда облыстық мәслихат депутатына кандидат Абай Турикпенбаев пен қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Гүлден Иманғалиева, Арайлым Шамшадинова, қалалық сайлауалды штаб басшысының орынбасары Мұратбек Досжанов қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасын толық баяндады. А.Турикпенбаев кездесулердің ұйымдастырылуы әрбір ел азаматымен тікелей сұхбат құрып, ұсыныстарын тыңдап, мәселелерін біліп, кері байланыс орнату мақсатында жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етіп, сауалдарын қоюды сұрады. Компания қызметкерлері зейнетақы қорындағы қаражатты басқа да қажеттіліктер үшін алу, жағажайларды тазарту ұсыныстарын білдірді. Г.Иманғалиева әрбір Қазақстан азаматының еңбек етіп болашағы үшін жинаған қаржысы тұрмыстағы ең маңызды қажеттіліктері үшін пайдаға асқаны дұрыс екенін айтып, десе бұл ұсыныстар маңызға алынатынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.