Қазақстандық вакцинаның тиімділігі 96% - Жандарбек Бекшин
Қазақстандық вакцинаның тиімділігі 96% - Жандарбек Бекшин
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандық вакцинаның тиімділігі 96% деп мәлімдеді.
«Қазір биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында отандық вакцина шығару мәселесі қарастырылып жатыр. Тестілеудің екінші кезеңі аяқталды және ол сәтті өтті. Қазақстандық вакцинаның тиімділігі 96% деген ақпарат бар. Енді Үкімет, Денсаулық сақтау және Білім және ғылым министрлігі отандық вакцина өндірісін бастау мәселесін реттеп жатыр.Сынақтан өткізудің үшінші кезеңі Тараз бен Алматыда өтеді.
Еске салайық, 4 желтоқсан күні Премьер-Министр Президентке клиникалық сынақтың 1 және 2-кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Асқар Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақ 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады.