Ел астанасы Түркістанға көше ме – Елбасы жауап берді

Ел астанасы Түркістанға көше ме – Елбасы жауап берді

Ел астанасы Түркістанға көше ме – Елбасы жауап берді
ашық дереккөзі

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында әлеуметтік желілерде жиі кездесетін ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікірін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл әңгіме негізсіз.

«Түркістанның жағдайын білетіндер солай деп ойлауы мүмкін. Бірақ біз болашақта астананы одан әрі ұлғайтамыз. Кезінде 200 мың тұрғыны болған Ақмола 1 млн 200 мың халқы бар үлкен шаһарға айналды. Нұр-Сұлтан деген атау алды. Оны мен ұсынған жоқпын, бірақ қарсылық та білдірген жоқпын. Себебі, астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен қаланып, әрбір ғимарат менің қатысыммен салынды», – деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.