Президент телефон нөмірін жариялады
Президент телефон нөмірін жариялады
Венесуэла президенті Николас Мадуро өз нөмірін жариялап, өзін мессенджерлердегі топтарға қосуды өтінді. Мұндай мәлімдемесін мемлекет басшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Ол Венесуэла жайлы шындық үшін күрестің Telegram мен WhatsApp-тағы топтарына қосылғысы келетінін айтты. «Міне менің нөмірім — 04262168871, өз топтарыңызға қосыңыздар», - делінген жазбада.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Венесуэла президенті туған күніне қандай сыйлық алғысы келетінін айтқан еді. Мадураның сөзінше, ел тұрғындарының 6 желтоқсанда өтетін парламент сайлауына жаппай қатысуы оның туған күніне жасалған ең керемет сый болмақ.