Жаңалықтар

Атыс тоқтағалы бері Таулы Қарабақта 10 армян жоғалып кеткен

ашық дереккөзі

Атыс тоқтағалы бері Таулы Қарабақта 10 армян жоғалып кеткен

Таулы Қарабақта әскери қимылдары тоқтату туралы келісім күшіне енгелі бері 10 армян азаматы жоғалып кеткен. Армения тарапы Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттан оларды қорғауды талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  "Бүгін Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа 11 қарашада Горис-Шуши автожолы учаскесінде жоғалып кеткен 10 армян азаматының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабы бойынша Әзербайжанға қатысты шұғыл шаралар қолдану жөнінде өтініш берілді", - делінген Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттағы Армения өкілдігінің Facebook-тағы мәлімдемесінде. Ереванда бірнеше күннен бері оппозицияның наразылық акциясы толастамай тұр. Акция қатысушылары Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаны үшін Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде. Еске сала кетсек, 10 қарашада Әзербайжан Республикасының Президенті Әлиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті В.Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Құжат бойынша Армения мен Әзербайжан әскери тұтқындар мен басқа да ұсталғандарды және қаза тапқандардың мәйіттерін бір-біріне беруге келісті.