Таулы Қарабақтағы жанжал: Әзербайжан мен Армения мәмілеге келді

Таулы Қарабақтағы жанжал: Әзербайжан мен Армения мәмілеге келді

Таулы Қарабақтағы жанжал: Әзербайжан мен Армения мәмілеге келді
ашық дереккөзі
Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. Мәмілеге Әзербайжан Республикасының Президенті Әлиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті қол қойған. Құжат бойынша 2020 жылғы 10 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Таулы Қарабақ аймағында атыс және барлық әскери әрекеттертолық тоқтатылуы тиіс. Ресей Федерациясының бітімгершілік контингенті Таулы Қарабақтағы байланыс сызығы бойында және Таулы Қарабақты Армения Республикасымен байланыстыратын дәліз бойында орналасады. Ішкі қоныс аударушылар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бақылауымен Таулы Қарабақ аумағына және оған іргелес аудандарға қайтарылады. Армения мен Әзербайжан әскери тұтқындар мен басқа да ұсталғандарды және қаза тапқандардың мәйіттерін бір-біріне беруге келісті.