Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған Зеленский қайда емделіп жатқаны белгілі болды

ашық дереккөзі

Коронавирус жұқтырған Зеленский қайда емделіп жатқаны белгілі болды

COVID-19 індетіне шалдыққан Украина президенті Владимир Зеленский мен оның кеңсесінің басшысы Андрей Ермак «Феофания» ауруханасында емделуде. Бұл туралы Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк хабарлады, деп жазады Укринформ.  Подоляктың айтуынша, ауруханада президенттің бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізуі үшін жабдықталған арнайы кабинет бар. «Ол оқшауланған палатада жатыр. Сәйкесінше онда арнайы байланыс орнаитылған», - дейді ол. Президент кеңсесі басшысының да жеке оқшауланған палатасы бар екен, бірақ арнайы кабинет емес. Ауруханада жатқандарына қарамастан, Зеленский де, Ермак та жұмыстан қол үзбеген. «Оларда стандартты кесте бар. Жалғыз шектеу – оқшаулау, жанында ешкім жоқ. Яғни көмекшілердің ешқайсысы президенттің немесе кеңсе басшысының жанында емес, олар коммуникациялық офлайнда», - деп түсіндірді Подоляк. Еске сала кетейік, Украина басшысы коронавирус жұқтырғанын 9 қарашада хабарлады.