Жаңалықтар

Тағы бір ел Лукашенконы Беларусь басшысы ретінде мойындаудан бас тартты

ашық дереккөзі

Тағы бір ел Лукашенконы Беларусь басшысы ретінде мойындаудан бас тартты

Тағы бір мемлекет Александр Лукашенконы Беларусь президенті ретінде мойындаудан бас тартты. Бұл туралы Канаданың Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампань Twitter-де мәлімдеді. «Канада Лукашенконың жасырын өткізілген ұлықтау рәсіміне қатысты өкініш білдіреді. Ол демократиялық жолмен сайланған көшбасшы емес. Канада ашық әрі әділ сайлау өткізуге шақырады. Біз халықаралық әріптестерімізбен бірге осы мақсатта бірікпекпіз», — деп жазды министр. Сондай-ақ, ол Беларусь президенттігіне үміткер болған Светлана Тихановскаямен телефон арқылы сөйлесіп, елдегі соңғы жағдайды талқылағанын жеткізді. Еуроодақ мемлекеттері ішінде Словакия бірінші болып Лукашенконы Беларустьтің заңды президенті ретінде мойындаудан бас тартты. Сонымен қатар, Германия үкіметінің өкілі Штеффен Зайберт Александр Лукашенконың демократиялық легитимділікке қол жеткізе алмайтынын айтты. АҚШ пен Украина да осындай пікірде. Еске сала кетейік, кеше Беларусьта Александр Лукашенконы ұлықтау рәсімі өтті. Беларус тілінде ант қабылдаған ол президент куәлігін алып, қызметіне ресми түрде кірісті.