Жаңалықтар

Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны 3,3 есе өскен

ашық дереккөзі

Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны 3,3 есе өскен

Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны 3,3 есе, ал осы аурудан көз жұмғандар саны 1,9 есе өскен.  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтары мен 2 тамыз аралығында елімізде өкпе қабынуынан 2 033 адам қайтыс болған. Ал осы жылдың дәл осындай кезеңінде 4 042 адам көз жұмыпты.  Өкпе қабынуынан қаза тапқандардың коронавирус статистикасына енбеу себебін түсіндірген вице-министр: «1 тамызға дейін өкпе қабынуы бүкіл дүниежүзі қолданатын аурулардың халықаралық жіктемесіне сай пневмония ауруы ретінде жіктелген. Сөйтіп электронды жүйеге түсіп кетті. Әрбір дәрігер өзі емдеген науқасын жіктеп, жүйеге салып отырады. Ал қазір дәрігерлер көптеген ауруды емдеп, енді-енді әл жинап жатыр десем, өтірік емес», - деді.  Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой пневмониядан көз жұмғандар қалай жерленетінін айтқан болатын.  Министрдің дерегінше, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 55 адам қайтыс болған