Жаңалықтар

Алакөлдегі демалыс орындарының жұмысы уақытша тоқтатылды

ашық дереккөзі

Алакөлдегі демалыс орындарының жұмысы уақытша тоқтатылды

Бүгіннен бастап Алакөл көлінің демалыс орындарының жұмысы тоқтатылды. Тиісті қаулыға Үржар ауданының бас мемлекеттік санитары қол қойды.  Қаулыда 2020 жылдың 23 шілдесіне дейін келген келген демалушыларға демалыс базасында жолдамада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін демалуға рұқсат етілгені хабарланған. Шектеу шараларының режімі мен мерзімі аудан аумағында коронавирус инфекциясының таралу жағдайына қарай өзгермек. Үржар ауданының әкімі мен аудандық полиция бөліміне 23 шілдеден бастап Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағына кіретін жолды жабу және су қоймасына апаратын автожолда мобильді бекет жұмысын қамтамасыз ету мен қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау үшін күнделікті күзету тапсырылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Қапшағайдағы демалыс орындары 2 тамызға дейін жабылатынын хабарлағанбыз.