Қапшағайдағы демалыс орындары 2 тамызға дейін жабылады

Қапшағайдағы демалыс орындары 2 тамызға дейін жабылады

Қапшағайдағы демалыс орындары 2 тамызға дейін жабылады
ашық дереккөзі
Қапшағай қаласының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Л.Ю.Ролдугинаның 2020 жылғы 22 шілдедегі №214 қаулысы бойынша қаладағы демалыс орындары 2 тамызға дейін жұмысын тоқтатады.  Жаңа қаулыға сай, 25 шілдеден бастап Қапшағай қаласында шектеу шаралары күшейтілмек. 25 және 26 шілде күндері қаладағы барлық базарлар мен азық-түлік емес дүкендер қызметін тоқтатады. Ал 25 шілде мен 2 тамыз аралығында аймақтағы барлық демалыс орындары мен қалалық жағажайлар жабылады. Бұл нысандарға баратын жолдарда мобильді бекеттер орнатылады. Қала әкімдігі аталған шектеулер тұрғындардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын ескерте отырып, қапшағайлықтарды санитарлық режимді қатаң ұстауға шақырды. Айта кетейік, алдағы демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында да шектеу шаралары күшейтіледі. Облыс бойынша, соның ішінде елдімекендер ішінде жүруге шектеу қойылады. Тұрғындар үйден тек жұмысқа барып-келуге, жақын маңдағы азық-түлік дүкені мен дәріханаға баруға және үй жануарларын аулада серуендетуге ғана шығуға құқылы. Отбасылық іс-шараларға, қонақ шақыруға, баруға тыйым салынды.