Жаңалықтар

Елімізде коронавирустан 51 медицина қызметкері қайтыс болды

ашық дереккөзі

Елімізде коронавирустан 51 медицина қызметкері қайтыс болды

Елімізде коронавирус індетінен 51 медицина қызметкері көз жұмған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.  «Біздің мәліметке сәйкес, 51 медицина қызметкері көз жұмған. Олардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Мемлекет басшысы 13 шілдеде өмірден өткен әріптестерімізді мемлекеттік наградалармен марапаттады, 42 медицина қызметкері марапат алды. Өтемақыға келсек, әрбір жағдайды жеке зерттейтін тиісті механизм бар. Осыдан кейін ақпарат Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады. Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты тексеріп, мәліметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне жолдайды. Содан кейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем аударылады», - деді комитет басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 306 адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеген болатын. Оның ішіндегі 41 науқастың ахуалын мамандар өте ауыр деп бағалап отыр.