Biz birgemiz: Еріктілерге Елбасының алғыс хаты тапсырылды (видео)

Сондай-ақ!

Әкімдікке келген тіл жанашырына психдиспансерден дәрігер шақырғаны үшін аппарат басшысы жұмыстан босатылды

Павлодар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі Қайыржан Оңғаров әкімдікке мәселе айтып келген әйелге жүйке жүйесі ауруларын емдейтін диспансер дәрігерлерін шақырып, мұқатқаны үшін атқарып отырған қызметінен...

Батыс Қазақстанда колледж студенті жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап кеткен

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданына қарасты Жаңажол ауылында болған оқиға дүйім жұртты дүрліктіріп отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 19 жастағы әйел босанған соң нәрестені пакетке...

Шығыс Қазақстанда бюджет есебінен 3 миллион теңгеге қалам сатып алмақ болған

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті мекеме бюджет есебінен 3 миллион теңгеге қалам сатып алуды жоспарлаған, – деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, мұндай аса қымбат...

Карантин кезінде Қазақстанға заңсыз кіріп-шыққандарға дәрігерлер жалған анықтама беріп отырған – ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері карантин кезінде Қазақстан аумағына заңсыз кіріп-шыққандарды анықтады, Бұл туралы Tengrinews.kz агеттігі комитеттің сайтына сілтеме жасап хабарлады. ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаменті...

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша «Biz Birgemiz» республикалық акциясына қатысқан ең белсенді волонтерлар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Таяуда билеуші партияның Лидері қазақстандық әрбір волонтерға өз ықыласын білдіріп, алғыс хаттарға қол қойған еді.

«Төтенше жағдай кезінде «Jas Otan» бүкіл ел бойынша бес мыңнан астам еріктіні жұмылдырды. Олар демалыссыз жұмыс істеп, мұқтаж адамдарға көмек жеткізді. Нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасқаны қуантады. Олардың ең белсенділеріне арналған алғыс хаттарға қол қойдым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Салтанатты шара барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлары бүкіл ел бойынша 250 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеттерін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізіп бергенін атап өтті. Жасотандықтар алғашқылардың қатарында Мақтаарал ауданына аттанып, қазіргі кезде 500-ден аса жас су басудан зардап шеккен ауыл тұрғындарына ақысыз көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

«Өздеріңіз білетіндей, Елбасының бастамасымен «Nur Otan» партиясы Мемлекет басшысының қолға алған дағдарысқа қарсы шараларына қосымша мұқтаж қазақстандықтарға қарқынды көмек көрсетіп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорының желісі бойынша меценаттардың қолдауымен 470 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алды. Тұңғыш Президент Қорымен бірге аса мұқтаж отбасыларға атаулы қолдау көрсету ұйымдастырылды. Осынау жұмыстарды атқаруда волонтерларымыздың рөлі зор болды. Бұл ретте 2019 жылды Нұрсұлтан Әбішұлы «Жастар жылы» деп атаса, ал 2020 жылды ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Волонтер жылы» деп жариялауы символдық мәнге ие болды. Сіздер өз отаншылдықтарыңызды, азаматтық пен жанашырлықтарыңызды таныта отырып, бүкіл қазақстандық жастарға үлгі көрсеттіңіздер», – деді Бауыржан Байбек.

Biz birgemiz: Еріктілерге Елбасының алғыс хаты тапсырылды (видео)

Сонымен бірге Төрағаның Бірінші орынбасары жастарды алдағы партрияішілік таңдау – праймеризге қатысуға шақырды.

«Өткен аптада партия Лидері биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта Праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Біздің мақсатымыз – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлауларға партиялық тізімдер қалыптастыру үшін жаңа лидерлерді анықтау бойынша барынша ашық әрі бәсекелестік негізде іріктеу өткізу. Бұл ретте 35 жасқа дейінгі жастарға – 20%, ал әйелдер үшін – 30% квота көзделген. Осы арқылы біз дарынды да бастамашыл жастарымыз үшін партиялық «әлеуметтік лифтіні» қамтамасыз етпекпіз», – деді Бауыржан Байбек.

Осы аптаның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен үш мыңдай қазақстандықты марапаттау жоспарланғанын атап өткен жөн. Олардың арасында партияның өңірлік филиалдарының волонтерлары мен белсенділері, сондай-ақ қайырымды меценаттар бар.

«Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде көптеген адамдар қиын жағдайға тап болды. Менің оларға қандай да бір көмек бергім келді. Әлеуметтік желілерден «Nur Otan» партиясы мұқтаж азаматтарға азық-түлік жеткізіп беріп жатқанын және бұл іске көмек беретін еріктілер қажет екендігін білгеннен кейін мен бірден хабарластым. «Biz Birgemiz» секілді ауқымды акцияға қатысқаныма шексіз ризамын» – деп, волонтер Эльмира Айғалиева өз әсерімен бөлісті.

«Jas Otan» жастар қанаты белсенділерінің бірі Сергей Матюшенко өз кезегінде Елбасының алғыс хатын алу ерекше мәртебе екенін және адамдарға көмек көрсетуге қосымша күш-жігер сыйлайтынын атап өтті.

«Еліміз үшін осынау күрделі уақытта «Nur Otan» партиясы барша ақжүрек азаматтар мен жастарды біріктіре отырып, жұртқа өзінің жауапкершілікті арқалап, халықтың қамын ойлайтын саяси күш екендігін көрсете білді. Алдағы праймериз – «Nur Otan»-ның жастарға өз қабілеттерін ашулары үшін нақты жағдай жасап отырғанына тағы да бір дәлел», – деді ол.

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында...

Баласын суық аялдамаға қалдырып кеткен ана табылды

Павлодар облысында аялдамадан табылған 1 жасар бүлдіршіннің анасының қайда екені анықталды. Кеше сағат...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...