Жаңалықтар

Ресейде өткен тәулікте 8 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

ашық дереккөзі

Ресейде өткен тәулікте 8 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 7933 жаңа дерегі тіркелді.  Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 114 мыңға жетті. Бұл туралы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылайтын шұғыл штаб хабарлады. — Соңғы анықталған 7933 деректің 3534-і (44,5%) бұрын ауырғандармен байланыста болғандар және олардан аурудың ешбір белгісі байқалмаған, — делінген штаб хабарламасында. Сондай-ақ, Ресейде бір күн ішінде 1601 адам індеттен айығып, 96 науқас көз жұмды. Елде коронавирус құрбандарының жалпы саны 1169-ға жетті. Айта кетейік, бұған дейін Ресей премьер-мининстрі Михаил Мишустин коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлағанбыз.