Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырды

Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырды

Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин коронавирус инфекциясын жұқтырды. Премьер өзінің індетке шалдыққаны жөнінде президент Владимир Путинге мәлімдеді, деп хабарлайды «Россия-24». «Дәл қазір коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Осыған байланысты және Роспотребнадзордың талабы бойынша әріптесремінің қауіпсіздігі үшін оқшаулануым қажет», - деді Мишустан ел президентіне видеобайланыс арқылы жүгініп. Премьер-министр үкімет өз жұмысын штаттық режимде жалғастыра беретініне сендірді. Ал министрлер кабинетін уақытша басқаруды бірінші вице-премьер Андрей Белоусовқа жүктеуді ұсынды. Путин оның ұсынысын қолдады. «Мұндай жағдай кез келген адамның басына түсуі мүмкін», - деп В.Путин Мишустинге қызметі үшін алғыс айтты. Президент сондай-ақ онымен бұрын талқыланған мәселелер жөнінде ақылдасып тұратынын жеткізді. «Сіздің пікіріңізсіз және қатысуыңызсыз түпкілікті шешім қабылданбайды», - деп Ресей президенті үкімет басшысының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 106 мыңнан асты. Елде індеттен 1073 адам көз жұмды.