Жаңалықтар

COVID-19: Ресейде 70-тен аса медицина қызметкері көз жұмды

ашық дереккөзі

COVID-19: Ресейде 70-тен аса медицина қызметкері көз жұмды

Ресейде коронавирустан 70-тен аса медицина қызметкері көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс эпидемиологы  Николай Брико мәлімдеді.  — Індет жұқтырған медицина мамандарының саны артып келеді. Ресейлік дәрігерлер желіде коронавирус пандемиясынан көз жұмған әріптестерінің аты-жөнін жариялады. Онда 70-тен астам медицина қызметкерінің есімі тізілген,  – деді Н.Брико онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. Эпидемиологтың айтуынша, көбіне медициналық мекемелер індеттің таралу ошағына айналып отыр. Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 5841 жаңа дерегі тіркелген. Бір күн ішінде 108 адам көз жұмып, 1830 адам емделіп шыққан.  Елдегі індетке шалдыққандардың жалпы саны 99 399-ға жетті. Ал Қазақстанда 3105 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың 798-і дертінен айықты, ал ауруы асқынған 25 адам қайтыс болды. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін.