Жаңалықтар

Nur Otan: Партия көмегіне жүгінушілер саны 36 пайызға артты

ашық дереккөзі

Nur Otan: Партия көмегіне жүгінушілер саны 36 пайызға артты

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауына жүгінулер саны 36 пайызға артқан. Бұл партияға халық сенімі артқанын айғақтайды.  Қоғамның мұң-мұқтажына құлақ түріп, қиын-қыстау кезеңде көмекке мұқтаж адамдарды қамқорлыққа алған нұротандықтардың ісі көпке үлгі.    Әлеуметтік сауалнамалар қорытындысы ел азаматтарының Nur Otan-ның көмегіне тұрақты түрде жүгінетінін көрсетті. Қазақстандықтардың 27 пайызы өз құқықтарына қол сұғылған жағдайда партияға жүгінуге даяр. 2019 жылы партияның қоғамдық қабылдауларына 214 мыңнан астам жүгінген. Бұл 2018 жылдың көрсеткішінен(140 013) 35 пайызға артық. Өтініш-тілектер мен арыз-шағымдардың 21 пайызы (45,1 мың) оң шешімін тапса, 76 пайызына (163,5 мың) түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оң шешілген мәселелер көрсеткіші 2018 жылмен салыстырғанда(33,7 мың) 11,3 пайызға артып отыр. Коранавирус індетіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгелі партияның қоғамдық қабылдауларының онлайн режимдегі жұмысы жанданды. Нәтижесінде Nur Otan-ға WhatsApp мессенджері арқылы жолданған онлайн өтініштердің саны 13 есе, әлеуметтік желілер арқылы жүгінушілер қатары 8 есе, Call-орталықтарға хабарласушылар саны 3 есе көбейген. Осы орайда, партияға жолданған өтініштер мен талап-тілектердің ешбірі назарсыз қалмайтынын айта кеткен жөн. Мәселен, бұған дейін  Павлодар қаласының тұрғыны Марғуаш Абдығалимова есімді азаматша Nur Otan партиясынан қаржылай көмек көрсетуді өтінгенін хабарлағанбыз. Көмекке мұқтаж жан отағасының денсаулығына байланысты өз бетінше қозғала алмайтынын және екі баланың, яғни ұл мен қызының да 1-топ мүгедектері екенін жеткізген.Көп ұзамай көмек сұраған жазба иесіне партия тарапынан  мәселені шешу жолдары қарастырылып жатқандығы жеткізіліп, нәтижесінде Nur Otan партиясының  Павлодар облыстық филиалы «BizBirgemiz»  отбасына бірден азық-түлік жиынтығымен қолдау көрсетіп, сондай-ақ, «Біргеміз» қоғамдық қорынан балалардың есеп-шоттарына 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек аударылды. Сондай-ақ, Nur Otan партиясы BizBirgemiz акциясы аясында  көпбалалы ана Әсем Текжановаға көмек көрсеткені жайлы жазғанбыз. Қарағанды облысы Үштөбе орта мектебінде оқитын көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың ата-аналары да Nur Otan партиясына жүгінген.  Партияның «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде оларға тиісті көмек көрсетілді. Нұротандықтан Ақмола облысы, Сандықтау ауданының тұрғыны, екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Елена Смолинаның да өтінішін жерге тастамай, қашықтан білім алуда кедергіге тап болған оқушыларға дербес компьютер жеткізіп берді