Елбасы мен Мәсімов ЭКСПО кезіндегі қауіпсіздік мәселесін пысықтады

Елбасы мен Мәсімов ЭКСПО кезіндегі қауіпсіздік мәселесін пысықтады

ашық дереккөзі

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді", - делінген Ақорда сайтында. Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Жүктелуде...