Ақтөбеде шенеуніктер аяқ киім сүрткішке тендер жариялаған

Ақтөбеде шенеуніктер аяқ киім сүрткішке тендер жариялаған

ашық дереккөзі

Аяғының шаңына дейін бюджет есебінен тазалайды. Сырттан келген меймандардың аяғына шаң тигізгісі келмейтін ақтөбелік шенеуніктер аяқ киім тазалайтын сүрткішке тендер ойнатыпты деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Облыс әкімдігі өңірге келген мейманның көңілін де, аяқ киімін де кір шалмасын деген ниетпен барымызды салдық деп отыр. Оған қазынадан 200 мың теңгедей ақша бөлген. Тендер ойнату кезінде мердігер компания 99 мың теңгені қанағат тұтып, 200 аяқ киім тазалайтын сүрткіш сатып алуға келісіпті. Шенеуніктердің сөзінше, ол сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен. Қонақтың аяқ киімін шаң басса, бюджет ақшасына алынған сүрткішпен тазалайды.

«Делегациялар көп келеді. Шетелдік инвесторлар да көп келіп жатады. Сондықтан ауа райына байланысты машинада сондай тұрады. Бізде қала түгілі, аудандарға шығады. Сосын ол жақта, өздеріңіз білесіздер, шаң», - дейді Ақтөбе облысы әкімдігінің Іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.

Жүктелуде...