Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. 6 маусым - батыста, 7-8 маусым - солтүстік-батыста, 8 маусым - солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ жауады. Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. 6-7 маусым күндізгі уақытта солтүстікте, 6 маусым орталық пен шығыста +41°С дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық болады. 8 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте +30°С дейін төмендейді.
Алдағы үш күнде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады
Алдағы үш күнде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады
