Ақтауға киелі жерлерге зиярат етуге барған алматылық сайдан табылды деп хабарлады turkystan.kz. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы тұрғыны 1 маусым күні сағат 10:45-те Ақтау мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылған. Қазір жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 25 жеке құрам, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп тобы, Полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің құрамында 15 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 6 бірлік техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам, 5 техника жұмылдырылды. Еске салайық, Алматының 23 жастағы тұрғыны Мәжтай Жаханшах киелі жерлерге зиярат етуге Ақтауға барған, алайда 27 мамырдан бастап ол туыстарымен байланысқа шықпаған болатын.
Ақтауға киелі жерлерге зиярат етуге кеткен азамат 5 күннен кейін сайдан табылды
Ақтауға киелі жерлерге зиярат етуге кеткен азамат 5 күннен кейін сайдан табылды
