Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясы «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп «Балаларымыз – аманатымыз!» республикалық қайырымдылық жобасын бастады.
Акция аясында партияның Астана қалалық филиалы мен «Шин-Лайн» компаниясының басшылықтары, қалалық мәслихат депутаттары 6 мамандандырылған мекемеге барды. Мекемелерде ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балаларға республика бойынша 10 мыңнан астам балмұздақтар таратылды. Бүгінде «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы», «SOS Астана балалар ауылы», «Мамандандырылған балалар үйі», «Ұлттық балаларды оңалту орталығы», «University Medical Center корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы», «Жас-Нұр», саңыраулар қауымдастығы», «№3 арнайы мектеп» сияқты ұйымдарда тәрбиеленіп отырған бүлдіршіндер мерейлі мейрамның кереметін сезінді.
«Бүгін «Шин-Лайн» компаниясымен бірігіп балалардың көңілін көтеретін керемет шара өткіздік. «Балаларымыз – аманатымыз!» республикалық қайырымдылық жобасының маңызы зор. Балалар – бізге аманат. Бізге олар арнайы бағдарламаларын дайындап, концерттік бағдарлама әзірледі. Партия әрқашан ерекше балаларға, ата-ананын қарауынсыз қалған бүлдіршіндерге, сондай-ақ балаларды асырап алған немесе қамқорлыққа алған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», - деді «AMANAT» партиясы Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дәурен Ұлықпанов.
