Петропавлда 15 жасар қыз бала өзіне қол салды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 31 мамыр сағат 15:15-те Петропавл қаласы ПД-нің 102 жедел арнасына Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесінде қыз баланың тұрғаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері 15 жастағы қыз баланың қайтыс болғанын анықтайды. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Петропавлда 15 жастағы қыз жоғарғы қабаттан секіріп кетті
Петропавлда 15 жастағы қыз жоғарғы қабаттан секіріп кетті
