Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 5 томдық таңдамалы жинағы шықты

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 5 томдық таңдамалы жинағы шықты

ашық дереккөзі

Биыл ғұлама, этнограф, дінтанушы, қазақтың рухани ұстазы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл. Осыған орай бүгін ғалымның Астанада 5 томдық таңдамалы жинағының тұсауы кесілді деп хабарлады turkystan.kz.  width=

Еңбектің жарық көруіне белгілі меценат, қоғам қайраткері, «Сенімен болашақ» бірлестік құрылтайшысы Нұркен Асанов бастамашы болып, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты құрастырып шығарған.

 width=

Жинақ тілге жеңіл, ғылыми түсініктемесі мен талдауы бар, оқырманға ыңғайлы етіп дайындалған.

Жиында сөз алған ғалым Төреәлі Қыдыр 5 томдыққа Мәшһүр Жүсіптің өлеңдері, ойтолғамдары, аңыз-әпсаналары, дастандары мен діни-ғибраттанамасы енгізілгенін айтып өтті.

Тағы бір маңызды дүние –  5 томдық еліміздегі 100 мектеп, 100 мешіт пен 100 кітапханаға тегін таратылатын болады.

 width=

Жүктелуде...