Тоқаев келісімшарты біткенін айтып, мәлімдеме жасады

Тоқаев келісімшарты біткенін айтып, мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаев «Жетісудан» кететінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Спортшы мансабындағы ең қиын маусым туралы айтып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

«Менің «Жетісу» ХҚК-мен келісімшартым аяқталды. Бірінші кезекте, команда басшылығына, жаттықтырушылар штабына және командадағы балаларға, ең бастысы, жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бұл менің мансабымдағы ең қиын маусымдардың бірі болды. Бірақ бәріне қарамастан, қолдан келгенше тырыстық. Өкінішке қарай, ойдағыдай болмаған сәттер болды. «Жетісу» ХҚК-на жаңа маусымда табыс, ал жанкүйерлерімізге шыдамдылық тілеймін! Рақмет, Жетісу! Рахмет, Талдықорған! Мен мықты болып ораламын» деп жазды Тоқаев Instagram парақшасында.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @tokayev18

Жүктелуде...